Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.   Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:

1. «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).

2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

kazakh-tilinde-koldanilatin-oyndar3. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.

4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.

5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.

6. «Кім  көп және тез?» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.

7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады.   Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.

Пайдаланыған әдебиет: Б.У.Салыхова. А.Ж.Хазимова А.М.Ауғанбаева. Қазақ тілі Әдістемелік құрал. Алматыкітап 2012  

Қарағанды қаласы, №81 жалпы білім беретін орта мектебі, қазақ тілі мұғалімі Шәкәрімова Гүлдана Қуатқызы.

Пікірлер26
  1. Ира

    Мен өз сабағымда ойынды өте көп қолданмын.Маған ұнады.Пайдасы тиіп қалар деген үміттемін

  2. Бекпенбетов Жаркынбек

    Қазақ тілі сабағын ойын арқылы өткізген дұрыс. Біріншіден, бала ортаға бейімделсе, екіншіден танымы артады. қызығушылығы жоғарылайды.

  3. Сауле

    Тіл сабақтарында ойындар қолданған өте жақсы.

  4. Лиза

    Алла разы болсын! Жаңа тақырыптық пысықталуда Топтық жұмыста пайдалануға болатын ойын түрлері бар екен.

  5. Смагулова Марал

    Қазақ тілін үйрену барысында баланың жан-жақты ашылуына, сөздік қорының дамуына керемет септігін тигізетін материал екен. Осындай сайтқа кіргеніме өте қуаныштымын

  6. Молдир

    Қандай жақсы. Осындай сайтты көптен бері іздеп жүр едім. Жұмыстарыңыз керемет, табыс тілеймін

  7. Гүлжанат

    Сәлеметсіз бе!Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын турлері қызықты. Осы ойындар арқылы баланың сөздік қоры дамып, сабаққа деген құлшынысы артады.

  8. Асель

    Қызықты ойындар екен. Көбірек болса екен. Тұйық бала ойнағанда еркін ойынжеткізе алатын болған соң, сабақта ойындарды көбірек қолдануға тырысамын.

  9. Клара Койлыбаева

    керемет

  10. Айнұр

    Сәлеметсіз бе! сайтқа қалай тіркелуге болады?

  11. малпал

    рахмет сізге!!!!!

  12. Ултурсын

    Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақта қолдану өте қызықты болады.

  13. мейрамгул

    Маган унады.

  14. Рехангуль

    класссс!!!

  15. Guma

    Жақсы

  16. Толеубаева Меруерт

    Рахмет сиздерге Маган пайдасы коп тиди. Оте жаксы сайт.

  17. Айгерім

    рахмет балаларға ұнады

  18. Мадина

    ұнады

  19. Алия

    Өте керемет сайт

  20. Айко

    маган ойын турлери оте катты унады

  21. Каниева Зарина

    ойындар өте керемет№

  22. Балзия

    Тіл бас жарадыб
    Бас жармаса тас жарады

  23. Айгерім

    маған ойын түрлері өте қатты ұнады….

  24. илионора

    Өте қызықты сайт сияқты. Пайдасы тиіп қалар деген үміттемін.

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сізге пайдамыз тисе, сол біздің пайдамыз.

  25. жанна

    Рахмет. Ойын түрлері өте ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ