Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық

Шығу.

Жүргізуші:     Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жаңа жылдық, жаңа жылдық ертеңгілік, балабақшада, жаңа жылдық сценарий

1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!

2 бала: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

[sociallocker id=»10137″]

3 бала: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

1.      Ән «Қыс»

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

Жүргізуші:   Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.

1 лақ:  Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!

3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!

4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран салайын, мә-мә!

5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә!

6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә!

7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз ата алып келсеңші!

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.

Сол кезде Ақшақарды кездестірді.

Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!

Ақшақар: Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.

  1. 2.   «Кішкентай шырша» хоровод әні.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).

Бауырсақ: Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.

Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,

балалар жиналған, кел бірге тойлайық.

Түлкі:  Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.

  1. 3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»

(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).

(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).

Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.

Жүргізуші:  Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән  айтса келіп қалар.

  1. 4.      Ән «Мысығым».

Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.

Ақшақар:  Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші:  Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).

Аяз ата:  Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,

менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды

жағып алайық, қанекей бірге…

Бәрі бірге:   «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

  1. 5.  Ән хороводы: «Аяз ата».

Жүргізуші:  Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.

  1. 6.  Тақпақтар.

Аяз ата:  Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!

Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?

1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,

Бөліспеймін балымды,

Бір өзім-ақ жеп қоямын.

2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.

Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,

Егер балды бөліспесеңдер,

Мақтаншақ деп ат қоямыз.

Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.

  1. 7.      Хоровод биі «Жаңа жыл».

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге

сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).

Ақшақар:  Ой, мынау не? Жылан ғой!

Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен.

Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.

1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,

Түзу жолда бұраңдайсың.

2 бала:  Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады  жылан жылы – жылбасы.

Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!

(Сыйлық үлестіру).

Рахмет айту.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер18
  1. Таймасова Рахила Жарасқызы

    Балалардың осы мерекені өте қатты кұтеді жәнеде аяз атаның барына сеніп одан силық алуға асығвды.

  2. Асел

    Жаңа жыл мерекесі үлкен мен кішінің асыға күтетін мерекенің бірі, жоспар тақырыпқа байланысты сай ұйымдастырылған. Келесі жылы қолданым, жас мамандарға көмек ретінде қолдануға болады.

  3. ascarova.muldir401

    Жаңа жыл ар ада нын омиринде клкен манызга ие мерекенің бири. Осы суенаридің ишинен балама такпак жазып алдым рахмет

  4. Акнур

    Балалардың барлығы ерекше күұтетін мереке ол Жаңа жыл. сценарий іздегенде осы сайттан барлық керекті мәліметтерді алып, мерекелік кешті оте жақсы жүргізгеніме рахмет айтамын. сценарий талапқа сай жасалынған дүние екендігі көрініп ақ тұр.

  5. Ляззат

    Әндеріңіз де, ойындарыңыз да, тақпақтарыңыз да, биіңізде келісіп, әдемі жазылған сценарий екен. рахмет еңбегіңіз еленіп, шабытыңыз таусылмасын!

  6. Айсулу

    керемет бәрі жинақталған

  7. Салтанат

    жақсы құрылған

  8. Бағила

    бізге өте қатты ұнады))))))))

  9. Ulpan

    матынды кошырып ала алмай отырмын? кайтсем болады?

  10. Лаура

    Өте жақсы. Көптеген жұмыстыр бар екен. Көп рахмет.

  11. samat

    jaksi

  12. жамила

    рахмет маған ешкі туралы ертегі өте қажет еді

  13. Dana

    макала ол не?калай жибереди?коширу керек буны!!

  14. Нурай

    коп-коп рахмет! Бырак буны калай кошыреды?

  15. көп рахмет осындай іздегенің табылып тұрса жақсы ғой,

  16. Nurhat

    Dersk ote keremet kop rahmet

  17. Айжан

    Өзіме керектіні таптым СІЗДЕРГЕ РАХМЕТ!!!

  18. коп рахмет озиме керекти коп андер алдым

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ