Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды.

Бала, саусақ, тіл дамыту балабақшада, тіл дамыту, тіл дамыту сабағы, тіл дамыту сабақ жоспары, саусақ жаттығулары

                                Піл досым

sausak-1

Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,  жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

sausak-2

Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса,   баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

sausak-3

Доп. Алақандар  бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды)

sausak-4

Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады,  Саусақтар ашылады

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Санамақ

Балаға қарама-қарсы отырып,тәрбиеші көрсетіп отырады,  қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді. Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп, «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап. Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.

sausak-5

Саусақтар жүреді. 

Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап,  алға-артқа  жүреді

sausak-6

Құстар қанат қағады

 

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән салады.

sausak-7

 

 

Мысық

Пеш түбінде мысық отыр,            (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек)

Екі көзін қысып отыр.                (Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды  қимылдатады)

Тышқан етін жегісі кеп,               (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады )

Тісі оның қышып отыр.

Добым-добым домалақ

Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,                                  (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау.Өлең

Тарелкені сындырдың.                                                     мазмұнына қарай қимылдар жасау)

Тентек болып кеттің, деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

 

Мысық пен тышқан

 

Тышқан қашты мысықтан                    Еденде саусақтармен қашады.

Қатты –қатты жүгірді.                           Жылдам жүгіреді

Орын тапты қуыстан,                            Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды

Зәресін мысық ұшырды.

 

Қарады мысық тесіктен,                         Көздерімен жан-жаққа қарайды

Тышқанға бері шық,-деді.                       Қабағын түйеді

Еденді ұрды «Тук-тук» деп,                   Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады

Тырналады, кетпеді.                                 Еденді тырналайды

 

Былай-былай тартады.                                 Айқасқан жұдырығын  екі жаққа тартады.

Бұза алмады қамалды.

Амалы құрып мысықтың,

Үйіне қарай қайтады.

 

Қуанып тышқан есікті,                                Айқасқан жұдырығына қарап үрлейді

Жәй ғана кеп үрледі.

«Алақай, есік ашылды»,-деп,                      Қолдарын айқара ашады

Ініне  қашып үлгерді.                                  Еденде қайта жүреді

Пікірлер32
  1. Толғанай

    Саусақ жаттығу лары арқылы балалардың қолдары жаттығады. Керемет.

  2. Айман

    Өте құнды дүниелер алдым .
    Сіздер жас мамандарға арналған өте көп дүниелер саласыздар.
    Маған тақырып та мазмұны да өте қатты ұнады.
    Жарайсыздар.

  3. Динара

    керемет өте жақсы

  4. Лиза

    Өте жақсы пальчиковая гимнастика екен

  5. Асел

    Саусақ жаттығулары арқылы бекерден айтпаған баланың тілін дамытады, ой-өрісі, сөз мәнері де дамиды. Күнделікті кезде бос уақытта қолданамын, рахмет

  6. Гульбарам

    Осы сабақтағы саусақ қимылдарынан кейін балалардың көркем жазуы да оңылады,- деп ойлаймын

  7. ascarova.muldir401

    Балага бес саусактын атын жаттату аркылы бала сойлеун дамытуга болады сонымен катпр жагвдтпаш жаттаткызу аркылы тилин жаттыктыруга болады

  8. Дилбар

    осындай материалдар қазіргі танда балалар үшін өте қажет

  9. Меруерт

    Саусақ жаттығуларын әсіресе жаңадан топқа бала келгенде жұбату үшін пайдаланған өте тиімді.Бала бір сәтке жылауын қойып алданып тынышталады Өте жақсы екен.

  10. Балкен

    өте жақсы ,саусақ жаттығуын пайдаланған тиімді.Рахмет

  11. Гулжазира

    Саусак жаттыгуларын кунделикти балаларга жасатуга тырысамын

  12. Актоты

    Саусақ жаттығуларын арқылы балалардың тілін ғана емес, жалпы жадыны дамытуға болады. Нейогимнастика деп атайды. Бұл жаттығулардың түрлері өте көп. балаларға күнделікті жасатып тұрса әсері зор.

  13. Алия

    керемет сайт екен!!! Кішкентай балаларға пайдалы дүниелер көп) осындай сайттар көбейе берсе екен деймін!!!

  14. Asel

    өте тамаша жұмыс

  15. Фариза

    жаксы екен

  16. Фариза

    кермет

  17. Фариза

    керемет сайт екен!!! Кішкентай балаларға пайдалы дүниелер көп) осындай сайттар көбейе берсе екен деймін!!!

  18. Салтанат

    Адемі

  19. Салтанат

    Өте керемет

  20. меруерт

    керемет маған ұнады

  21. тамаша рахмет

  22. Алтынзат

    керемет

  23. эльвира

    Zhaksi Magan makala unadi

  24. Саламат

    Керемет!

  25. Пания

    жақсы,маған мақала ұнады.

  26. Пания

    Өте жақсы,балаларға қызықты.

  27. Эльмира

    маған сабағыңыз ұнады

  28. Rita

    маған катты унады калай кошірсем болады

  29. Рымгүл

    өте тамаша

  30. динара

    мұндай сайттар бола берсін,жас мамандарға пайдасы көп екен . Рахмет!

  31. Ансаган

    маган катты унады))))

  32. Айгүл

    Керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ