Мустаханова Е.С.
«Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі
Қарағады аласы
Мақсаты: Осы қойылым арқылы балаларды табиғат ерекшеліктерін оның әсемдігін байқатып, бөлінген рөлдерді емін- еркін ойнай білуге үйрету. Қоршаған орта табиғатты аялап,сүйіп, таза ұстауға тәрбиелеу
1.Тәрбиеші: Қазір біз аналарымызға орманға гүлге барамыз.
( Залға кіріп, қатарға тұрып, билеп, орманға келу).
Балалар, міне біз орман алаңына келдік. Қараңдар, бәйшешек гүлдері гүлдепті.Егер біз жылдамырақ келісіп істесек, аналарымызға көп гүл жинап аламыз.
Тәрбиеші: Ой, бұл не?
( Музыка қатты көрсетілетін әуен.)
Тәрбиеші: Біз орман алаңына гүлге келдік Анамызға гүл жинауға келдік.
Диас: Мені өсірген анашым
Еңбегінде зор екен
Құтты болсын жан анам
Құтты болсын мерекең.
Жасар: Көктем келді, алақай
Жаз шығарын хабарлап.
Далаға шық , балақай!
Жарқырайды бар аймақ.
Марат: Оңтүстікте бозторғай
Ән салады тербеліп
Бәйшешек пен жауқазын
Желкілдейді ержетіп.
Дауыс: ормандағы жаңғырық дауыс
Бәрі орындыққа отырады. Музыка ойнайды.
Леший: Неге орманға келдіңдер
Басқа жоқтай жер
Айқайлап орманды көтердіңдер
Бәйшешек гүлін таптадыңдар.
Аружан: Мамамызға сыйлауға
Гүлге келдік орманға.
Леший: Ұзақ өмір сүрсемде
Мама дегенді білмеймін
Кім ол?
Ән: « Ана туралы жыр » Орындайтындар: Әлішер, Абай, Ағыбай.
Леший: Мен әнді түсінбедім.
4 қыз: Сабина, Фатима, Алия, Алина жүгіріп шығып гүлдерді жұла бастайды.
Әр ананың арманы
Оған гүл сыйлағаны.
Леший: ( қорқып кетеді ). Не істеп жатырсыңдар, тоқтатыңдар! Олай болса ендеше , мен бәріңді гүлге айналдырамын, босатпаймын ешкімді үйге.(бас киім кигізу)
Би: « Бәйшешектер » (бидің соңында бишілер гүл болып тұрып қалады)
Тәрбиеші: « Балаларымыз қайда »десе, аналарымызға не дейміз?
Фея: ( музыка ойналады ) Достар көрдім мен бәрін
Көмектесейін мен бүгін
Ояныңдар қыздар
Күлімдеңдер ұлдарға.
( Оянып рахмет айтады )
Тәрбиеші: Балалар, енді біз аналарымызға қанша гүл керек болса, сонша гүл жинап, тере аламыз. Ұл балалар, келіңдер, көмектесіңдер.
Құрмет: Ой, бұл не? ( Желдің дауысы )
Кикимора: Кім жұлып алды, бірінші гүл менікі.
Құрмет: Бұл мен – Қ.М., гүлді анама жұлып алдым.
Кикимора: мазақтап, күледі
Әлібек: Орманның кикиморасы, сен өте аямшақ, ашуланшақсың.
Кикимора: Алаңында орманның
Барлық жердің ханшайымымын
Қазір сендерді сиқырлап тастаймын
Тек алайын сендерді бір үрлеп.
Ерзат: Біз гүлдермен тек мамаларымызды құттықтап жіберейік.
Кикимора: Мен сендерді сыпайы , әртүсті құстар қылдырымын. ( бас киімкигізу )
Би: « Құстар » Бота, Сабина, Әсем-ай, Аружан, Диана, Аяна.(құстар болып қалады)
Кикимора: Қорғайық біз ортаны
Қорғаған бізді орманды,- деп шығып кетеді.
Тәрбиеші: Мамаларға не дейміз,
Қайда десе баламыз.
Балалар: Мүмкін Феяны шақырамыз?
Дауыс: бейне таспаға жазылған дауыс.
Каринаны шығарып жіберу
Құстар: Рахмет саған Фея дейміз Біз ешқашан көңілсіз болмаймыз.
Дауыс: жазылған дауыс естіледі.
Муз. Ойын: « Қоян секіріп келеді »
Қоян: мынау қайырымды Феядан. (бір құшақ гүлді тәрбиешіге береді)
Тәрбиеші: Ой, рахмет саған, қоян. Біздің аналарымыз қуанатын болды ғой. ( қоян шығып кетеді ).
Күн ұясына барады батып
Орманда кетуіміз мүмкін адасып
Қайтайық біз балабақшаға
Күлімдейік сүйікті анамызға
Музыка ойналады. Кикимора және Л. Кіреді.
Кикимора: Қара мыналарға
Бір құшақ гүл қолдарыңда
Босатпаймын мен ешкімді үйге.
Леший: Жарайды, Кика.
Тәрбиеші: Біз енді орманға келгенде гүлдерді жұлмауға ант береміз Біз сіздерге арнап ән салып берейік.
Тәрбиеші: Балалар, бәйшешек гүлін неге жұлуға рұқсат бермейтіндерін мен білемін.
Енді, балалар, балабақшаға барайық.Аналарымыз бізді тосып қалған болар. Мерекелерімен құттықтап, феяның беріп жіберген гүлін сыйлап, қуанышқа бөлейік
Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:
3 жылдық Әдіскер құжаттары
3 жылдық Меңгеруші құжаттары
3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары
3 жылдық Психолог құжаттары
Рахмет! Осы такырыпта койылым керек еди
Қойылымның мазмұны жағынан жақсы құрастырған екен.Баланы қоршаған әлемімен таныстыруға және іс жөнінде балалармен бірге ұйымдастыруға болады.
Қойылым жақсы құрылған. Рақмет.