Ашық сабақ «Су асты әлемі»

Білім беру аймағы:  Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:  «Су асты әлемі»

. Су асты әлемі, туралы білімдерін,Балықтар,сегізаяқ,тасбақаМақсаты:  Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Балықтар жайлы мағлұмат беру.Балықтар,сегізаяқ,тасбақа бейнесін қиып,су асты әлемін құрастыруда ұқыпты жұмыс істеу іскерліктерін дамыту.Жұмысты бірлесіп істеуге,бір-біріне көмектесуге,ұқыптылыққа баулу.Су асты әлемінің тіршілік  иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру,таныстыру,құрастыру,ойын

Көрнекілігі: 1.Электронды оқулық

2.Балықтар суреті,ойынға қажетті суреттер

3.Су асты әлемі бейнеленген макет

4.Құрастыруға қажетті құралдар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері:

           Жарқырап күн де ашылды

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады
Ізденуұйымдастырушы Тәрбиеші:-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер жұмбақтың  шешуін табыңдар.

1.Бет көретін айнам,тауып алдым сайдан.

(ағын су)

2.Жазда сылдыр қағады,қыста тыным табады.                                           (Өзен)

3.Еркелеп жатамын,қаңтарда қатамын

(көл)

4.Күміспен апталған,теңгемен қапталған

(Сазан)

5.Суда өседі,өнеді,сыртқа шықса өледі

(Балық)

-Балалар жұмбақтың шешуі не?

-Бұлар қайда тіршілік етеді?

-Жарайсыңдар балалар,балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.

Жүзу  жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.Балықтар өкпе арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі.Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе,ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді.

Балықтар-ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22000 – нан астам түрі бар деп есептеледі.Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз,шеміршекті (оларға акулалар және тұтасқанаттар жатады) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар.Теңізде сүтқоректі балықтар да бар.Оларға итбалықтар,дельфиндер және киттер жатады.Итбалықтар құрлықта да жүре береді.Теңіз тасбақалары құмды жағалауға жұмыртқалайды.Ұрғашы тасбақа өте терең емес шұңқыр қазып,ішіне жұмыртқа салады да,бетін құммен жабады.

Дидактикалық ойын:

«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»

Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.

Сергіту жаттығуы:

Балық болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз!

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз!

-Балалар, қазір біз «Су асты әлемінің» бейнесін құрастырып үйренеміз. Жұмыс жасамас бұрын алдымен «Су асты әлемінің» жасалу жолдарын мына Электронды оқулықтан көріп алайық.

Қане,бәріміз мұқият қарап отырайық.

Ал, енді балалар, жұмысқа кірісейік. Балаларды топтарға бөлу.

Жұмыс барысы:

І топ-балықты жасайды.

Қағазды екі бүктеу,бүктелген жағы арқасы болады.Көлбеу сызық сызу,сызық бойымен қайшымен қию.Желбезегі мен құйрығын жасау үшін кертпелер қию.

ІІ топ-Тасбақаны жасайды.

Қағаздан дөңгелек қиып алу,дөңгелектің бір шетін ортасына дейін қию,қиылған шетін қайырып,конус жасау.Бұл тасбақаның денесі.Қағаздан жолақшалар қиып алып,басы мен аяқтарын жапсыру.

ІІІ топ-сегізаяқты жасайды.

Дәл тасбақа бейнесін жасағандай етіп конус дайындау,бірнеше жолақшалар жасап,гармошка етіп бүктеу,қармалауыштарын конусқа бекіту.

ІV топ-балдырларды жасайды.

Қағазды кеспе сияқты етіп кесу,пайда болған жолақшаларды дөңгелектеу,төменгі жағынан керпелер жасау.

-Балалар,кім балықтар жайлы тақпақ айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмысын тексеріп,мадақтап,

жұлдызшалар таратып бағалау.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су,өзен,көл,балық,сазан

Суда,өзен,көл,теңізде

 

 

Балалар су асты әлеміндегі балықтар мен жәндіктермен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынның шартын түсініп,ойынды қызығушылық танытып,ойнайды.

 

 

 

 

 

 

Қолдарын төмен қаратып,қимылдатады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

 

Балалар электронды оқулықтан жасалу жолдарын көреді.

Құрастыруға кіріседі.

 

 

 

 

Балалар 4 топқа бөлініп,әр топ өзіне тиесілі жұмыстарын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерей:

Судан аға,қорқам

Жұтып қояр шортан

Шортан жыртқыш балық

Емес сонша алып

Наурыз:

Алабұға – ала балық

Көрінеді адамға анық

Арқасында тікені бар

Жүрмесінші қадап алып

Балалар жетістігіне мақтанады

Рефлексивті коррекциялаушы Ақ балық-ау,ақ балық,

Үркек балық,сақ балық,

Суды үнемдеп тазалап,

Балықтарды сақталық.

 

Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын айтады

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:       Әрбір бала балықтардың түрлерін,аттарын білуі керек.

Талапты болу: Су асты әлеміндегі жануарлар мен жәндіктерге деген қызығушылық болу керек.

Қолынан келуі тиіс: Балықтарға қамқор бола білуді үйренуі керек.

Пікірлер7
  1. Гульбарам

    Бұл сабақтын құрылымы, маған қатты ұнады. Өте керемет сабақ.

  2. Мулдир

    суларында тиршилик ететін балыктар балаларга кызыкты маглуматымен тан калдырады

  3. Дилбар

    менің ойымша сабақ жақсы құрастырылған.

  4. Жанар

    Өте қызықты ашық сабақ болды балаларға ұнайтынына сенімдімін

  5. Балкенbb

    тәрбиешіге рахмет өте жақсы құрылған оқу қызметі.

  6. Райхан

    балықтардың 22000 түрі бар екенін ізденіп балаларға терең түсіндірген тәрбиешіге рахмет!

  7. Бахтыгуль

    ҚМЖ жақсы құрылған. Маған ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ