Алға қарай еңкейіп баспен домалап түсуді үйрету

Білім беру саласы «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті « Дене шынықтыру»
Тақырыбы : «Алға қарай еңкейіп баспен домалап түсуді үйрету»

Мақсаты:

1 Алға қарай еңкейіп баспен домалап түсуді үйрету.
2. Негізгі қасиеттері шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3. Допты лақтыруды және қағып алуды үйрету.
Методикалық әдіс –тәсілдері: жүру, жүгіру, жаттығулар орындау.
Қажетті құралдар: доп, үй, сәбіз, жұмсақ төсеніш және круг.
Оқу іс -әрекетінің кезеңдер Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Себептің туғызушылығын ояту кезеңдері

Ұйымдастырушылық кезеңдері

Іс – әрекетті бағалау кезеңі. ( Балалар саппен залда тұрады)
— Бүгінгі оқу іс –әрекетін бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.
— Жарайсыңдар, ендеше тамаша көңіл күймен оқу іс –әрекетін бастаймыз.
— Бүгінігі оқу іс –әрекетінің тақырыбы
« Алға қарай баспен домалау»
— Сап түзеп, оңға бұрыл шеңбер бойымен айнала жүру.
(әуенмен балалар саппен шеңбермен жүреді)
Бастапқы қалып жай жүру.
Бастапқы қалып аяқтың ұшымен жүру.
Бастапқы қалып өкшемен жүру.
Бастапқы қалып жай жүгіріспен жүгіру.
— Жарайсыңдар балалар, енді жай жүріспен айнала жайлап жүреміз.
— Бір айнала жүре екі қатарға бөліне тұрамыз.
— Балалар енді біз жалпы дамытушылық жаттығуларын орындаймыз.
( баяу әуенмен жаттығулар орындаймыз)

 

1. Бастапқы қалып: дененімізді түзеу ұстап, аяқ иық деңгейінде.
Орындалуы :оң қолымызды желкеге қойып, сол қолымызды жанға созу арқылы шалқаю және бастапқы қалыпқа оралу.
(5 рет қайталау)
2. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс дененімізді түзеу ұстап, аяғымыз сәл алшақ ашып тұру.
орындалуы: қолымызды алға созу, қолымызды жоғары көтеру және аяқтың ұшына көтерілу бастапқы қалыпқа келу.
( 5 рет қайталау)
3. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс дененімізді түзеу ұстап, аяқ иық деңгейінде.
Орындалуы: қолымызда алға созу, еңкею, қолымызды аяққа тигізу және бастапқы қалыпқа оралу.
( 5 рет қайталау)
4. Б.Қ. негізгі тұрыс дененімізді түзеу ұстап, аяқ иық деңгейінде
deneshiniktiru-balalardinОрындалуы: қолымызды белге қою, отыру, қолымызды алға созу, орнымыздан тұру және бастапқы қалыпқа оралу.
( 5 рет қайталау)
— Жарайсыңдар енді жәймен көзімізді жұмып тыныс алу жаттығуын орындайық.

— Балалар шеңбер айнала жай жүріп бір қатар сапқа тұрамыз.

— Енді негізги бөлімге көшеміз. Қазір барлығымыз үлкен допты қағып алып кері лақтыруды үйренуді орындаймыз.

— Ол үшін бір –бірден бір адымдап алға қарай шығамыз мен допты лақтырамын сендер дорты қағып алып кері маған лақтыруларың керек.

— Екінші негізгі қимылымыз бүгінгі тақырыбымыз алға қарай еңкейіп баспен домалауды орындаймыз.
( екі лет орындау)
— Ол үшін менің қасыма бір баладан келіп жұмсақ төсеніштің үстімен еңкейіп домалап кері орнымызға орлалуларың керек.
( екі рет орындау)
— Жарайсыңдар балалар сендер барлығын тамаша орындап келесіңдер, ендңше біз тамаша бір ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Қасқыр мен қояндар»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: қоянның атрибудтын киген балалар қоян болып сәбіз теріп жеп жүреді. Сол кезде қасқыр келгенде қояндар үйіне оралады. Ойын осылай жалғасып бір екі рет қайталнады.
— Жрайсыңдар балалар барлығын тамаша орындадыңдар, енді бәріміз сапқа тұрайық.
— Сендерге рахмет бүгінгі оқу іс –әрекетіміз осымен аяқталды. Жай жүріспен топқа ораламыз.
Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар саппен шеңбер бойы айнала жай жүріспен жүреді.

Балалар аяқтың ұшымен,өкшемен және жай жүгіріспен жүгіреді.

Балалар баяу әуенмен жалпы дамытушылық жаттығуларын орындайды.

Балалар баяу әуенмен тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Балалар үлкен допты қағып алып, кері лақтыруды орындайды.

Балалар жұмсақ төсеніш үстімен еңкейіп домалауды үйренеді және орындайды.

Балалар көңілді қимылды ойын ойнайды.

Балалар саппен жай жүріспен топқа оралады.

Күтілетін нәтижесі
Нені орындады: Жалып дамытушылық жаттығуларын
Нені түсінді: «Қасқыр мен қояндар» қимылды ойыннның шартын түсініп ойнауды
Нені жасады: Негізі қимыл еңкейіп баспен домалауды және үлкен допты қағып алып лақтыруды

Авторы: Тасимова Әселхан Амангелдіқызы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ