Сиқырлы қарлар

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілімен таныстырып, қар туралы айтып түсінік беру. Балалардың тілін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, шығармашылық қиялын ұштау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, үйшік, ойыншық қоян (қуыршақ театры), қағаздар, желім
Билингвалды компонент: қар-снег, қыс-зима, қоян-заяц
Шаттық шеңбері:
-Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тау, доспыз қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, бәріміз жылулық шеңберіне тұрайық.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза, сәби жүрекпен
Қабылдаңыз мың алғыс!
Балаларға өлең жолдарынан үзінді оқу.
Аппа-аппақ, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
-Балалар осы өлең жолдарында қай жыл мезгілі сипатталған?
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Балалар сендер қысқы орманды көргілерің келе ма?
-Ия, көргіміз келеді
-Ендеше мен сиқырлы қалпағым мен шапанымды киіп алайын. Барлығымыз көзімізді жұмайық. Міне, балалар біз орманға келдік? Айналадан не көріп тұрсыңдар?
-Шыршалар, ағаштар, аппақ қарларды көріп тұрмыз.
-Шыршаның түсі қандай? Орманда тағы нелер бар?
Осы кезде шырша түбінен секіріп ақ қоян шығады.

қыс туралы
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар қоянмен амандасады? Біз қысқы орманды аралап тамашалап жүрміз.

Қоян: Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешімін кім табады екен?
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Балалар: Аяз
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Балалар: Қар
Қоян: ой қандай жақсы балаларсыңдар. Мен сендермен бірге жүрейінші.
Тәрбиеші: жарайды балалар қоян бізбен бірге орманды араласын. Қане бәріміз қоянмен бірге сергіп алайық.
Орманға барсақ түлкі бар.
Сайға барсақ қоян бар
Байқаңдар қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Балалар сергіту жаттығуын тәрбиешімен бірге жасайды.
Билингвалды компонент: қар-снег, қыс-зима, қоян-заяц
Орманға саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Орманға бізден бұрын да балалар келіп аққала жасап кетіпті. Қараңдаршы аққала әдемі ме? Оның пішіні қандай? Түсі ше? Аққала неше бөліктен құралады.
-Аққала үш бөліктен құралады. Оның пішіні дөңгелек.
Ойын «Қар жинау». Қоянмен бірге қағаздан жасалған қарларды жинайды.
Қоян: Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды, тамаша балалар екенсіңдер. Сендермен қош айтысқалы тұрмын. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер де өз тобымызға барайық. Көзімізді жұмамыз. Көздерін ашқанда алдарында қағаздар мен желім. Ал балалар енді мына қағаз бетіне бүгін саяхаттан не көргендігімізді бейнелейік. Көк қағазға ақ қарларды және аққаланы жапсырамыз.
Балаларға көмек көрсету. Жекелеген балаларға жапсыруды орындауға көмектесу.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Ал балалар бүгін біз не туралы өттік? Қайда саяхатқа бардық? Не көрдік? Аққаланы сипаттап беріңдерші.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балаларды марапаттау. Орындалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер16
  1. Мадина

    ғажайып сәт қолдануы балаларға өте қызық

  2. Бейсен Ұлдана

    Ақпарат көңілімнен шықты.Үцде жасап көремін.Рахметтт

  3. Мөлдір Сайлаубекқызы

    ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!

  4. Улсерик

    сабакка кажетти макала екенн ракметт сиздергеее

  5. Алма

    «Еркетай» ұжымына, сайтына мың алғыс! Не керектің бәрі бар.

  6. Мерей

    тамаша дүние екен

  7. Гүлнұр

    Бұл сайттың бала тәрбиесіне қосар үлесі зор екен. Танысқаныма қуаныштымын. Бұрыннан неғып білмегенмін

    1. Омарбекова Асем Сансызбаевна

      Сайтты бүгін көрдім.Өзіме қажетті көп ақпарат алдым.Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!Тақырып өте қызықты, сабақтың әр этапы бір- бірімен байланысқан. Автор жақсы әдістер таңдаған.

  8. Құралай

    Інжу, сабақ құрылымын өте сәтті алған. ақпақ, жұмбақтар орынымен пайдаланған. өз тәжірибе сандығыма салып алдым

  9. Жанерке Ертайқызы

    рахмет мәліметтеріңізге, үйде жасап көрем

  10. Диана

    Ақпарат менің көңлімнен шықты ?рахмет

  11. Айдын Қанатқызы

    Мен қысты өте жаксы көремін. Тақырып ерекше таңдалған. Адамды бірден қызықтырады

  12. Айнур

    Қандай жақсы, осыны уйдеде жасап көруге болады.

  13. Айжамал

    керемет, сіздерге көп рахмет. Керекті заттарымды тауып алып жатырмн.

  14. Индира

    Керекті ақпарат

  15. Гулизат

    сіздерге көп рахмет. сабағыма қажетті ақпараттар алдым.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ