«Қазына аралы» спорттық ойын-сауық

Тақырыбы: «Қазына аралы» спорттық ойын-сауық
 Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
sporttik oyindar
Керекті спорттық құрал — жабдықтар: гимнастикалық орындық, арқан, карта, монеталар.
Сайыстың салтанатты түрде ашылуы.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Қазына іздеушілер сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

І — кезең. Топтың атын табу

«Апачи» сөздерді кері қарай оқу арқылы топтың атын табу.

«Чунгачкук»
ІІ — кезең. «Тайпа басшыларымен би билеу»

 Отқа табыну.

О құдіретті күн құдайы!

Әлемді жаратушы тәңірім,

Бізге жеңіске жетуге күш бере гөр!

Бойымызда үрей менен қорқыныш,

Кедергіден өтеміз бе, деп тұрмыз.

Бірақ біздер саспаймыз,

Дәл қазір қазынаны іздеуді бастаймыз.

ІІІ — кезең. «Картаны құрастыру»

Қиылған қиындылардан жол көрсететін карта құрастыру.

Жүргізуші:Қазына аралына баруға дайынсыңдар ма?

-иә

Олай болса, жолда сендерге көп кедергілер кездеседі, сол кедергілерден сүрінбей өтіп жеңіске жетуге сәттілік тілеймін.
IV – кезең «Батпақты дала»

Балалар батпақтан секіріп өтеді.

V — кезең. «Жасырылған затты табу»

Сағатты табады.

Жүргізуші: сендер сағат 11-00-ге дейін «Қазына аралына» жетіп қазынаны табуларыңыз керек. Егер уақыт асып кетсе, аралдағы үңгір жабылады.

VI — кезең. «Сынық көпірден өту»

Жүргізуші: Балалар сіздердің алдарыңызда үлкен өзен жатыр, сол өзеннен сынық көпір арқылы өте аласыздар.Өте алмаған балалар ойыннан шығарылады.

VII — кезең. «Балық аулау»
Жүргізуші сендер әрі қарай бару үшін көп күш керек. Ол үшін сендер тамақтанып алуларыңыз қажет. Өкінішке орай сендер тамақ жоқ. Енді тамақ тауып жеу керек.Жерде сендерге 3 зат берілген, сол заттарды пайдаланып түскі тамақты тауып жеу қажет.

/Таяқ, жіп, сымнан қармақ жасау/
VIII — кезең. «Үңгірден өту»

Үңгірде улы жылан бар,сол жыланды ұйқыдан оятпай өтіп кетулеріңіз қажет.

IX – кезең «Орман перілері»

Сендер ағашта жасырынған қағазды тапсаңыз ғана, орман перілерінен құтылудың жолын табасыз және сол қағазда көрсетілген бағдар арқылы қазына толы сандықшаны таба аласыздар.

Жасырынған сандықты тапқан топ қазынаны алады және марапатталады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар нағыз қазына іздеушілер екенсіздер, жеңістеріңіз құтты болсын!

Пікірлер10
  1. Рсалды

    Керемет, өзім де ойнағым келіп кетті

  2. Ризагүл

    Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың немесе оқу шылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, баулитын ойындар жиынтыгы керемет етип жазылган екен.

  3. Ризагүл

    Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың немесе оқу шылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулитын ойындар жиынтыгы керемет етип жазылган екен.

  4. Ризагүл

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулитын керемет ойындар екен.

  5. Рабигуль

    Баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таптырмайтын дүние.

  6. Гюзель

    Спорт деген деннің саулығын білдіреді, мақала керемет

  7. Айдарбайқызы Ақмарал

    Қайырлы күн. Мақала ұнады. Балаларға ойнатуға өте пайдалы ақпараттармен жазылған. Рахмет.

  8. Амиргалиев Рустам

    қимыл-қозғалыс ойындары 1 мен 4 ке

  9. Рахмет. керек ақпараттың барлығы бар!!!))))))

    1. Erketai (автор)

      Сізге де рахмет! Сайтқа жиі кіріп тұрыңыз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ