Әткеншек ойыны

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең-әрең әлдиледі,
Әткеншегім ән биледі.
Тербеткенде ойнадым ғой,
Жүгіруді қоймадым ғой.

atkenshek-oyniБалалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында
жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.

Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.
Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:
Жаймен ғана тербетіңдер,
Әткеншекпен ер жетіңдер!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті мінеки!
Әткеншек қимылды бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.
Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Асем

    үлкен әткеншекті 22наурызда көретін едік

  2. Ризагүл

    Ежелден келе жаткан ойындардың бирі. Мәнді мәні зор ойын. Балалар ойынан шығатын ойындар екен.

  3. Рабигуль

    Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ