Балалардың танымын арттыратын ойындар

Банкідегі шам шырақ
Мақсаты: жану кезінде ауа құрамы өзгеретінін анықтау (оттегі азаяды), жану үшін оттегі қажеттігін айту. Өртті сөндіру әдістерімен таныстыру.
Балаға арналған тапсырмалар: ата-аналарға шам шыраққа, отқа жақындамай, үрлемей қалай сөндіруге болатынын ойланып айту ұсынылады. «Мұны қалай істеу керектігін көрсетейін», — дейді әкесі баласына (немесе қызына). Ол шамшырақты жағып, оның үстінен банкімен жабады, олар шырақтың қалай сөнетінін бірге бақылайды. «Әке, неге банкі ішінде шырақ жанбайды?» — деп бала әрине сұрайды. Барлығы қарапайым: шырағы сөнбес үшін оған оттегі қажет. Оттегі жанып екінші көмірқышқыл газға айналады. Сондықтан біз отқа оттегі келмес үшін оны банкімен жаптық, сосын от сөніп қалды. Содан кейін әке осы құрылғыларды өрт сөндіруде (су жоғарғы температурада буға айналып, оттегі қолжетімділігіне кедергі жасайды) қолданылатынын айтады. Сонымен қоса өрт сөндіру үшін оны құммен себуге болады (оттегі болмаған соң, от сөнеді).

Су мен қардың өзара әрекекттесуі
Мақсаты: судың екі агрегаттық күйлерімен (сұйық және қатты) таныстыру. Судың қасиеттерін анықтау: оның температурасы неғұрлым үлкен болса, онда ауаға қарағанда соғұрлым қар тез ериді; жылының әсерімен қардың сұйық күйге айналуын тексеру.
Анасы баласына: «Мен алақанымда судың бір тамшысын тамызбай ұстай аламын!» — дейді. Анасының қолынан бұл қалай келетіндігіне бала қызығушылығын танытады. Бұл өте қарапайым: қар кесектері бұл-су! «Қар кесектері су емес пе?» — деп міндетті түрде ұлы немесе қызы сұрайды. Сонда анасы қар кесектерін қолдарында ұстауға ұсынады. Не өзгерді? Қар еріп, су пайда бола бастайды. Ал егер қарды жылы бөлмеге апарса не болады? Қар еріп, нәтижесінде су пайда бола бастайды. Ал қарды суға салса не өзгереді? Қар қайда тез ери бастайды: жылы немесе салқын суда?

ойындар балалар мен ересектерге

Түсті мұздықтарды дайындау
Мақсаты: суға бояуларды салып, мұзды қатыруға болатындығымен таныстыру.
Баламен бірге түрлі қалыптарға, банкілерге су құйып, аязға шығарыңыздар. Серуен кезінде қату үдерісіне назар аударыңыздар. Мұздықтарды қалыптарынан алып, қарап судың қасиеттерін талқылауға болады. Содан кейін мұздықтарды бөлмеге кіргізіп, мұздың қайта суға айналу үрдісін бақылаңыздар.
Металл, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: металдан жасалған заттарды танып, олардың сапалық сипаттамаларын (бетінің құрылымын, түсін) және құрамын (жылу өткізгіштігін, серпімділігін, металдық жарқырауын) анықтау.
Әкесі ұлына (немесе қызына) бірнеше металдан жасалған бұйымдарды (түйреуіштер, гайкалар, бұрандалы шегелер, шегелер, кішкене гірлерді) көрсетеді. «Сен қалай ойлайсың, бұл бұйымдар неден жасалған?» — деп сұрайды ол. Әкесі оларды ұстап көріп, олардың қалып, беттік құрылымының ерекшеліктерін анықтауға ұсынады; баламен бірге түрлі заттарды қарастырып, сипатты металдық жарқырауын белгілеп көрсетеді. «Гайканы немесе шегені суға салсақ, не өзгереді?» — деп әкесі қайта сұрайды. Ал егерде шуақты жерге немесе батареяға қойса не болады? Магнитпен тартсақ не болады? Сонымен қоса (тек қана әкесі орындауы тиіс!) металды затты қызыл түсі пайда болғанша қыздыруын көрсетіп, осылай металды қыздырып, қажетті қалып бере отырып түрлі заттар дайындауға болатындығы туралы айту.
Резеңке, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Резеңкеден жасалған заттарды танып, олардың сапасы (бетінің құрылымы, қалыңдығы) мен құрамын (қаттылығы, серпімділігін, иілгіштігін) анықтау.
Резеңкеден жасалған заттарды қарап, түсін, беттік құрылымын (сипау арқылы) анықтауды ұсыну. Резеңкені тартуға ұсыныңыз. Резеңке серпінділігіне және иілгіштігіне байланысты (осы қасиеттерді допты дайындағанда қолданады) ол қайта қалпына келеді. Жылының әсерінен резеңке құрылымын өзгертіп, жабысқақ болатына назар аударыңыздар (сіріңке шырағында резеңкенің қыздырып көрсету).

Баланың логикасын дамыту
Пластмасса, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: пластмассадан жасалған заттарды танып, олардың сапасы (беттік құрылымын, қалыңдығын, түсін) мен құрылымын (қаттылығын, иілгіштігін, жылу өткізгіштігін, балқуын) анықтау.
Пластмассалы стақанға су құйыңыз және ішінде қарамай не бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Пластмасса түссіз болмағандықтан, анықтауға мүмкін емес. Сипау арқылы пласмассаның беттік құрылымын, қалыңдығын анықтауды ұсыныңыз. Стақанды шуақты жылы жерге қойып, 3-4 минуттан кейін температураның өзгергендігін (жылу) анықтауды өтініңіз. Егер стақанды бүксе, ол күштің әсерінен бүгілгені анықталады, ал егер көбірек күш салса, ол сынып кетеді.

Шыны, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Шыныдан жасалған заттарды танып, оның сапасын (беттік құрылымын, қалыңдығын, мөлдірлігін) және құрамын (балқуын, сынғыштығын, жылу өткізгіштігін) анықтау.
Баламен бірге шыны стақанға боялған суды құйып, стақанның ішіндегісі неге көрініп тұрғанын (стақан мөлдір болғандықтан) сұраңыз. Ересек шыны беті бойынша жүргізіп құрылымын анықтайды, содан кейін сусыз стақанды шуақты жерге қойып, бірер минуттан кейін шынының температурасының өзгергендігін анықтайды.
Жіңішке шыны түтікті алып, оның орта бөлігін алау отқа (сіріңке) орналастырыңыз. Күшті қыздырылғаннан кейін майыстырыңыз немесе созыңыз: жоғары температураның әсерінен шыны балқиды. Аз ғана биіктіктен құлаған шыны заттар сынып қалады (демек, олар сынғыш).

Қызықты эксперимент (видео) көріңіздер, осы мақаланы бөлісіңіздер. 

Пікірлер64
  1. Аяжан

    өте керемет ойындар екен нағыз керек тақырып

  2. Аягоз

    Өте жақсы жазылған мақала. Маған ұнады

  3. Диханбаева Лаззат

    Жаратылыстанудан көптеген зерттеулер бар екен өзімізге сабаққа қолдануға дайын материалдар екен. Көп рахмет. Осындай тәжірибелерді балалармен бірге жасаймын

  4. Диханбаева Лаззат

    Музыкадан сабақта ойындар ойнау өте қажет сол ойын арқылы қойған мақсатыңа жете аласың. Осындай ойындар жариялағанда ойыңызға рахмет. Өте түсінікті, қарапайым ойындар

  5. Диханбаева Лаззат

    Ия мұндай эксперименттер өте қажет , Бала өзі бақылау арқылы көз жеткізеді
    Банка мен жапқанда балауыздың отының сөнгенін өз көзімен көрді және әкесі оттегінің жоқтығынан өшкені н
    қарапайым тәсілмен түсіндірді

  6. Акерке

    рахмет, көбінесе интернетте ойындар орысша ұсынылған, балаға қазақша дұрыс түсіндіріп, ойымды жеткізуге септігін тигізеді

  7. Салтанат

    Баланың зерттеу дағдыларын қалыптастыруда қолдануға тиімді әдістер екен. Баланың деңгейіне түсінікті жазылған.

  8. Лаура

    арнай мамандар мен логопедтер үшін пайдалы мәліметтерінің үшін рахмет

  9. Толкын

    Берілген ақпарат ұнады жаксы

  10. Нағима

    Маған ұнады балабақша оқу қызметтерінде қолдануға тиімді екен. Өзіме керекті жерлерін жазып алдым.

  11. Құралай

    Жаратылыстану сабағына қолдануға өте тиімді, қызықты тапсырмалар екен.

  12. Рсалды

    ойын арқылы бала жалықпай ,қызыға отырып, көп дағдыларды меңгереді.

  13. Амангелді Аружан

    Баланың танымы арттыруға арналған ойындар, сонымен қатар танымды ғана емес ой-өрісті дамытуға, логиканы жақсартуға негізделген

  14. Индира

    Балаларға пайдасы көп ақпарат екен .

    1. Назерке

      nazerkeseka1996@gmail.com Салеметсиздерме, макалаларыныз манди мағыналы тусиникти екен осындай пайдалы дүниелерді жасап жаткандарынызга рахмет

  15. Айнур

    МАқаланың шынымен пайдасы мол екен. Көптеген жаңа ақпараттармен таныстым

  16. гулзира

    Мақала өткір ойлы болып ,өзекті мәселелер қарастырып жазылған екен !

  17. Ирода

    Мектепке дейінгі ұйымдарда ойынның рөлі зор.

  18. Жанар

    Тәжірибе жасай отырып үйрету тамаша үрдіс екен.

  19. Диана

    Бала ойын арқылы дамиды ғой дұрыс оте жаксы

  20. Гулмира

    Қазіргі таңда баладарды ойын арқылы қызықтырмасаң сабаққа мүлде қызықпайды.Сондықтан мына мақала ұстаздар үшін өте қажетті дүние екен.

  21. Перизат

    Бұл бөлімде балалардың қиялын, ойлау, ес,зейін, қабылдау,сөйлеу бір сөзбен айтқанда танымдық қабілеттірін дамытуға арналған ойындар берліген. Ұстаздарға өте қажетті ақпараттардан тұрады.

  22. Ардак

    Мақала жақсы . тамаша жұмыс . молодцы

  23. Оралова Айшагүл Болатбекқызы

    Балалармен зерттеу орталығында жүргізуге қажетті видео екен.. Өте жақсы дайындалған материал. Баланың танымдық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады

  24. Сауле

    Сайттың ұйымдастырушысына алғысым шексіз . Баланы дамытуға арналған қызықты ойындар көөп екен

  25. Жазира

    Сәлеметсіздер ме, бұл сайтта өте керемет көрнекіліктер көп екен. Осы сайтты ұйымдастырған басшыларына, қызметкерлеріне мың алғыс жұмыстарыңыз алға бассын!

  26. Бекпенбетов Жаркынбек

    Балалардың танымын арттыратын ойындар олардың қызығушылығы мен дүниетанымын кеңейтеді. және де жүйелі ойлау мен өзінше қорытынды тұжырым жасауға бейімдейді. Бұл туралы автор өз тәжірибесі арқылы көрсете алған.

  27. Ризагүл

    Балалардың ой-өрісін дамытуға арналган жаксы макала екен мектепке дейінгі балаларга өте тиімді пайдасын тигізеді. Балалар ойын аркылы тез кабылдайды. Ойынның максаты өте ұғыныкты түсіндирилген, рахмет?

  28. Ризагүл

    Балалардың ой-өрісін дамытуға жаксы пайдасын тигізеді. Балалар ойын аркылы тез кабылдайды. Ойынның максаты өте ұғыныкты түсіндирилген, рахмет?

  29. Айгерим

    Балаларды жан жақсы дамытатын ойындар екен. Балалармен ойнап көру керек

  30. Рабигуль

    Баланың танымдық қабілетін дамыту мақаласы өте жақсы .Маған ұнады

  31. гулшат

    Өте керемет саит.Берері көп!Іздегенімді сіздерден табамын шығармашылық табыс тілеймін

  32. Бимария

    Бұл сайтты бірінші көруім. Өте жақсы сайт екен. Маған ұнады. Керемет ойындар бар екен.

  33. Бимария

    Тәжірибе жасау үшін көп ойвндар бар екен. Керемет.

  34. Сагила

    Өте керекті дүние екен.

  35. Сандуғаш

    Бүгін бұл сайтты бірінші көруім. Өте керемет сайт екен , әсіресе жас мамандарға таптырмас мүмкіндік , көптеген пайдалы ақпараттар. Рахмет сіздерге!

  36. Жанар

    осындай сайттарға кіріп,көп нәрсе үйренуге болады. рахмет сіздерге

  37. Гүлнұр

    Мен мынандай сайт бар екенін білмейді екенмін. Керемет қой балаларға неше түрлі пайдалы заттар бар

  38. Гюзель

    Рақмет өте керемет жазылған, керек мәлімент алдым

  39. Мөлдір

    оқушыларға қандай сабақ өтсек те ойын арқылы өткенді жақсы көреміз. оқушылар да тез ұғады. рахмет!

  40. Сауле

    Бала ойын арқылы дамиды, тез ұғады өте жақсы ойын түрлер

  41. Меруерт

    Көріп ,сезініп,қолмен ұстау арқылы алынған білім есте қалары сөзсіз

  42. арайлым

    өте жақсы жазылған мақала,ұнады, керемет

  43. Диана

    Барлық мақалаларыңыз керемет екен

  44. Чеганова Мөлдір

    Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді екен. Ойын түрлерін міндетті түрде қолданамын

  45. Аяулым

    Барлык макалаларынызга рахмет! Коптен коп комегин тигизди! Ендиги узбей окып карауга болатын сайт! Сиздерге тек саттилик тилеймин ! Жумыстарыныз осе берсин буданда еки уш есе жанара беринздер! Енди сиздерди коп окитын боламын!

  46. Салтанат

    осындай дүниелерді алуға мүмкіндік туғанына қуанамын

  47. Тогжан

    Осы сайтта жарияланған ойындар ұнады өзімізге қалай жүктеуге болады рахмет

  48. Айгерім

    балабақшадағы балаларды осындай ойындар арқылы тіліңде ойыңда тез дамытуға болады

  49. Айгерім

    Осы сайтта барлық материалдарды табуға болады екен және өте керемет жазылған, түсінікті, әрі нақты

  50. Гулмира

    тәжірбиеде қолданатын ойындар өте көп екен сіздерге рахмет

  51. Нұржайна

    Бұл мақалада менің көңілімнен шықты! Оқушыларымыздың когнитивті, яғни танымдық іс-әрекетін дамытатын болсақ! Оқушылардың оқу мотивтеріне жақсы әсерін береді!

  52. Рамила

    Еркетай сайтындағы балалардың танымын арттыратын ойын түрлері де керемет құрастырылған.Маған қатты ұнады.Ракмет!!

  53. Жаныл

    Балалар визуалды тез қабылдайды. Тәжірибе жасап көрсеткені ұнады. Кремет ойын түрлері

  54. Жанерке

    мақалада тәжірибелік жұмыстардың болғаны қатты ұнады, балаларға ауызбен айтқаннан көзбен көрген жетімдірек болады. Жастай балаларды тәжірибелік жұмыстарға баулиды. Мақала авторына ізденімпаздығына көп рахмет

  55. Диана

    Бала ойын арқылы дамиды, тез ұғады өте жақсы ойын түрлері

  56. Ақмаржан

    Тамаша. Баланы дамытуға үйретуге көмегі зор десем қателеспеймін. Балаларымызға үйрете отырып өзімізде біраз нәрсе үйреніп алатын болдық

  57. Улпан

    Дүниетану сабағына қатысты тамаша ойындар, сонымен қатар уйде де балаларға осылай заттың физикалық құрамын айтып беруге болады. Бұл баланың логикасын жақсы дамытады !!!

  58. Асия

    Бұл мақала маған қатты ұнады. Бала ойын арқылы дамып жетіледі. Түсті мұздықтарды дайындау мақаласы өте жақсы.Балаға судың қатты және сұйық күйінде болатындығын көрсету. Қар мен мұздың қаттыдан сұйық затқа ауысқандығын бала ұстап сезінеді.

  59. Айгерім

    Мынадай ойындарды байкамаппын бұрын соңды.баланың ой өрісін ойлау қабілетін дамыту үшін осындай ойындардың коп болғаны дұрыс.керемет ойын түрлері

  60. Бакыт

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ

  61. Женис

    Бала ойын арқылы дамиды ғой дұрыс

  62. Женис

    Мақала өте жақсы

  63. Айгерім

    Мақала өте жақсы жазылыпты. Мүмкіндік болса, менің поштама жіберсеңіздер.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ