Жаныма қуат береді

«Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы

Тағдырымызға ақ жол тілейік!»

Н.Назарбаев

 

Күн ұясынан шығып келе жатты. Таудың биігінде көк байрағым — Туым желбірейді. «Қазақстан» деген ақ шаңқай жазу алыстан көрінеді. Өскемен қаласы елімнің шығысында. Көк Туым нұрын төгіп, қуат беріп тұр. Түнде шамдары жанып жарқырап тұрады. Биікке шығу жолында киіз үйлер тәріздес күркелер бар. Аялдамалар да қонақтар үшін жасалған. Самғаған құстың биігіндегі көрініс. Қалалықтар мен қонақтардың тамашалап, дем алатын орны. Патриоттық сезімге бөленетін қасиетті жер…

 

Апам уәде берген. Еліміздің астанасына Астана қаласына қыдыру еді. Менің арманым Астананы көріп, қызықтап қайту.

Таңертең. Ашық аспан. Көңілді ояндым. Поездың тербелісі ұнайды. Ол жүйткіп келеді. Жазық дала. Бұл менің Отаным –Қазақстаным.

Мақтанамын, шабыттанамын, кеудемді керіп дем аламын. Ауасы қандай! Жол жиегіндегі талдар поезбен қатарласа жарысып келе жатыр.

 

— Бұлар өздері осылай өскен бе?

— Жоқ, балам, қыста поезд жолын қар басып қалмау үшін отырғызылған.

Аңызақ желге тосқауыл болады. Бұл қарағаш деген тал. Шөлге, ыстық-суыққа төзімді. Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатта пайдаланады, — деді апам.

 

Жап-жасыл шөптер жасыл кілемдей. Тек кейбір жердегі талдар қурап қалғаны байқалады. Жаңбыр жаумады ма екен, әлде өртке шалынған ба екен…

tanshuak

Поезд өз рельсімен ғана жүреді. Не деген қиын. Әр поездың жүру кестесі бар. Әйтпесе не болмақ? Поездар жолға таласып қалар еді ғой…

— Мәссаған, орман ортасында да ауыл бар екен ғой…

Бұл да менің елімнің ауылы. «Темір жол өте қауіпті, абай болыңыздар!» — деген жазулар бар екен. Мен жазуды оқи бергенде апам да назар аудара қалды. Маған түсіндіруден апам жалықпады. Балалардың сұрақтары көп болады ғой. Бұл өтіп бара жатқан «Белағаш» деген станса екен. Вокзал маңдайларында ең биік жерінде Туым ілінген. Туды көрген сайын қуаттанамын, мақтанамын.

 

Менің бақытты балалық шағым. Менің атым Жандос. Мүмкін, мен де Олимпиада жүлдегері болармын. Әзірше бұл менің балалық қиялым. Илья Ильин мен Серік Сапиев ағаларым алтын медальді жеңіп алды. Қазақстан мемлекетін Дүниежүзіне танытты. «Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан!» деп айтқандары әлі есімізде. Үй ішімізбен Олимпиада ойындарын ұйықтамай көргенбіз. Туымыз желбіреп, әнұранымыз ойнағанда қандай тебіреністе болдық. Ал апам болса, қуанғанынан тіпті көзіне жас алып:

 

— Әй, айналайындар-ай, жарайсыңдар! Аман болыңдар! – деп жатты.

Ой керемет қуанғанымыз-ай! Айтып сөзбен жеткізу мүмкін емес.

kok-tudin-zhelbiregeni

Анада қарындасым Нәзира үйдегі тартпадан қолға ұстайтын еліміздің туын тауып алыпты. Бала тілі «тәтті» ғой. Биік жерге шығып алып: «Қазақстан! Қазақстан! Қазақстан!» — деп, шартарапқа жар салып тұрғандай болды. Мен болсам ақынның:

Көк тудың желбірегені,

Елімнің асқақ беделі

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді,

Таласқа түссе Жан мен Ту

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені! — деп әндетіп айтып кеткенмін. Теледидардан естіп, әуенін үйреніп, сөзін жаттап алғанмын.

Елімнің кең даласында жазық та, орман да, тау да бар. Осы даламда нан өседі. Адамның ең керекті қажетті қорегі – нан. Оны өсіру үшін диқандар көп тер төгіп, еңбек етеді. Менің жерім бай. Көмір де, темір де, алтын да бар. Қызыл кітапқа енген аң да, құс та, емдік қасиеті бар шөп те бар. Барлығы-барлығы менің мекенім – Қазақстаннан табылады.

Поезд терезесінен көзімді алмай қарап отырмын. Қарағайлы орман басталды. Майда сары құм. Шіркін! Осы жерде әрі-бері қуаласпақ ойнаса ғой! Табанды қыздырып, күнге жатса…

Бөдене стансасы. Ауыл Ертістің жағасында. Қандай табиғат!

Поезд жүйткіп келеді. Одан әрі атақты Дегелең даласындағы станса. Кезінде полигон болған аймақ деседі.

Семей жері. Абай, Шәкәрім аталарымның іздері қалған қасиетті мекен. Тоғыз жолдың торабы. Әрі-бері, ерсілі-қарсылы айқасып жатқан рельсті жол. Оны темір жол магистралі дейді. Семей қаласының атақты көпірін көрдім. Оның аспалы тросстары алыстан көрінеді. Поезд магистралінің тазалығына да көңіл бөлінген. Экологтардың табиғатты аялаудағы нақты істерін көзімізбен көріп отырмыз.

Поезд тоқтады. Сыртта жүгіріп-жүгіріп мауқымызды басып алдық. Вокзалдың қақ маңдайында Отанымыздың көк Туы. Желбіреп қуат беріп тұр.

tanshuak-kala

Қып-қызыл болып күн батты. Ертең күн ыстық болады. Елімнің күнделікті күні осы. Шуақты күнде БІЗ бақыттымыз! Ата-бабамыздың мұраға қалтырып кеткен жері. Ержеткенде білім алып, Отаныма қызмет етемін. Мен елімнің БОЛАШАҒЫМЫН.

 

Сөйтіп, Астанаға да жеттік. Таңғы уақыт. Әсем Астана. Күн сайын құлпырып келеді. Вокзалдың, мекеме ғимараттарының қақ төбесінде елімнің көк байрағы — Туы желбіреп тұр. Таңғы алтыда Әнұран орындалды. Қолымды жүрегімнің тұсына ұстап, мен де Әнұранды айтып шықтым…

 

Астанада тұратын туысқанның үйіне келдік. Олар бізді қуанышпен қарсы алды. Менің бойым жететін жер. Жаныма қуат беретін — «Менің Қазақстан» Әнұранымыздың сөзі мен көк байрағым Туымның суреті ілініп тұр. Бұл үйге келген үлкен-кіші міндетті түрде назар аударады. Кеудемді қуаныш кернеді.

Авторы: Балжан Төлешқызы

Пікірлер14
  1. Нағима

    Патриоттық тәрбие беру ол үйден басталады ☝️

  2. Асем

    Балжан! Жақсы жазылған шығарма екен. Мақтаныш сезімін тудырады. Қаламың мұқалмасын!

  3. Увалиева Жанна

    Салем, менiң Жандос деген туған ағам бар)))) ол да арманшыл. Қазақ елі мәңгілік болсын !

  4. Алма

    Көк Туымыз Көк аспанда мәңғі желбіресін! Шығарма ұнады. Жчрыққа шығар Көркем туындыларың көп болсын.

  5. Оразамбаева Айжан

    Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптары көңіл толтырарлықтай болып отыр. Атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.

  6. каракат

    әрбір азамат пен азаматша өзінің туының желбірегенін калайды. керемет ашык сабак

  7. Айнагүл

    нагыз патриотизм
    кок туымыз аспанда калыктап желбирей берсн
    осындай макала жариялап , халыкка ой салып жаткандарынызга рахмет маган катты унады

  8. Сауле

    Қазақ болып туғаныма мақтанамын Бұл мақалада қазақ туралы өлең жолдарымен күшті айтылған

  9. Арайлым

    күштң жазылған мақала осы өлең қатты ұнайды керемет болған

  10. Салтанат

    Көк тудың желбірегені өленін естісем жүрегім дүрсіле соғады. Қазағым деп

  11. Балнұр

    Қазақ болып туғаныма мақтанамын?? Бұл мақалада қазақ туралы өлең жолдарымен күшті айтылған

  12. Инкар

    Бұл мақаланың авторына рахмет,керемет жазыпсыз. Өзім көшіріп алдым қолданамын

  13. Ляззат

    Меймандардың тақырыбы кең көлемді, бірақ шағын, түсінікті ашылған. өте жақсы

  14. Динара Ерғалиева

    Балжан, сенің жазған әңгіме тектес шығармаң қатты ұнады. Көз алдыма елестеп тіпті Қазақстанға деген махаббатың жанарыма жалын сыйлады. Осындай махаббаттың ұшқындауына үлесі мол Еліңді жеріңді құрметтегейсің! Осындай көркем туындыларды шығаруыңа тілектеспін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ