Ұлы дала елі

Балалар тақпақтары

 Алтайдан Алатауға созылған
Қазақстаным менің кең далам
Бабаларым жүрегімен қорғаған
Ұлы далам қасиетті Ел ордам

Ұлы дала күмбірлеген дауысын
Жырын шертіптебірене қозғаған
Ұлы дала жыңғыртады дауысын
Қасиетті қос ішекті қара домбырам

Жерімізді ессіз жауға бермеген
Өр кеуделі батырларым бар екен
Махамбет пен Исатайлар бір төбе
Қара шаруа намысын текке бермеген

Елімізді шешусіз дауға бермеген
Орақ тілді би-шешегім бар екен
Бірлікке бізді шақырған
Қазыбек бимен жиренше шешен

Өнеге болған далама
Ұлы ақын абай бар
Ұлы даламда
Қос ішекпен күй шерткен

Құрманғазы далам бар
Талай елді тербеткен
Шаттық пенен бақыт тілдеп жеріме
Жас шабытым алып ұшты көгіне

Талай ғасыр бабаларым қорған
Ұлы далам келіп жетті жеріме
Ұлы дала елімнің сөнбес шырағы
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы
Ұлы дала қасиетті -ұғым ұлы сөз
Көк аспанда қалықтаған қыраны

Автор: Кекілбаева Сәуле

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Динара Ерғалиева

    қаламың ұштала берсін !!! Сендей патриотты ұрпақ біздің қоғамға әліде болса керек. Жарайсың !!! Қаламыңды тербесе өз елің жерің , отаның және отбасыңды еш ұмытпа. Сені алға жетелейтін осылар!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ