Ұлы Жеңіс мерекесіне 70 жыл

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы. Бұл тақырып елім деп соққан жүрегі бар азаматты бейжай қалдырмасы анық.
Аталарымыздың қаны мен жанын сарп еткен Ұлы Жеңістің тойына өз үлесімді қосу ниетіммен мен де қолыма қалам алдым…

Бұл шығарма білім ордасы араларында өткен кезекті шығармашылық байқауда әділ-қазылардың оң бағасына ілігіп, үздіктер қатарына енді.
Елімді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, жүректен шыққан жыр жолдарымды арнаймын.
Қостанай қаласы, № 6 бөбекжай-бақшасы Қазақ тілі пәні мұғалімі Жунусова Толқын Қайырханқызы
ZHENIS-KUNINE«Бақыт таңы»
Жылдар жылжып, уақыт озды арада,
Сұм тарихтың ізі жатыр санада.
Тажал соғыс от ағасын әкетті
Тірек болған ана менен балаға.

Жалмады соғыс ағалардың ғұмырын,
Жүдеп-жадап кетті елдің тұғыры.
Мұң-қайғымен арпалысып, алысқан
Арман болды бейбітшілік бүгінгі.

Қан төгілді, қаншама жан қиылды,
Өшті жаудың қаһары да сейілді.
Жау елінде батыр ұлдың күшімен
Жеңіс туы Рейгстагқа тігілді.

Тігілді ту көк аспанда желбіреп,
Қуаныштан сезілді жас елжіреп.
Жеңіс күні! Жеңісіміз бұл біздің!
Деген сөздер шықты ма екен әр жүректен елжіреп.

Бүгінгі күн бейбіт елміз, байтақпыз,
Бас иеміз, бабаларға, ізгі тілек айтамыз.
Әке көрген бомба үні, зеңбіректер дүрсілі
Болсын бізге ертегідей, тарихтағы мәңгі аңыз.

Көрмейікші соғысты енді, Төнбесін көкте қара бұлт
Ортаймасын берекеміз, ысырап болмай ырыс-құт.
Қан мен жанын пида еткен, бабамыздың жеңісін,
Ей, ұрпағым, жадыда сақта, бостандықты қадір тұт.

Қадірлей біл, ағайын ел арасын,
Діндарлар жүр улап елдің санасын.
Іштарлықтан алдап, арбап, адасып,
Мансап қуып құлдырап қайда барасың?

Аяққа таптап тыныштықты, арсыздыққы жол ашпа,
Жақыныңмен жақ жыртысып, мұра үшін таласпа.
Егеменді ел тұғырын, бақыт таңын бүгінгі
Ұрпағыңа аманат ет, адал жолдан адаспа.

Ей, адамзат, соғысөртінөршітпе,
Ұл-қызымыз булықпасын өксікке.
Кеудесіне қуаныштан нұр толсын
Балалықтың бал дәуренін сезіне!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Молдир

    Ұлы Жеңіске арналған керемет жоспар екен. Көп рахмет

  2. мирмамкул

    математикадан ойын технология туралы саба0 керек ед3

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ