Балаларға арналған әндер

balalarga-arnalgan-anderӘн: «Қазақстан»

Қарт алатау
Бұлтты құшқан
Көгінде «Ту»
Зулап ұшқан,
Менің жерім
Туған елім
Күн сәулелі — Қазақстан — 2 рет

Күн елісің
Күлімдеген
Гүлі берен,
Мейірбанды
Ізгі жанды
Туған елім — Қазақстан — 2 рет

Жерін
Ескен майда,
Толқындаған,
Егін жайда,
Далам менің
Анам менің
Туған елім – Қазақстан – 2 рет

 Ән: «Отан»

1. Отан – таңның арайы
Күн нұрынан тараған
Отан – бақыт сарайы
Ел қызығып қараған

Қайырмасы: Ән сыйлаған жер көктем
Отан – біздің жыр – көктем
Отан бізді тербеткен
Отанымда ер жеткен

2. Отан тынық түндегі
Өшпес жарық жұлдыздар
Отан — әрбір үйдегі
Шат көңілді ұл-қыздар.

Қайырмасы: Ән сыйлаған жер көктем
Отан – біздің жыр – көктем
Отан бізді тербеткен
Отанымда ер жеткен

 Елтаңбасы елімнің

1. Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Қайырмасы: Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

2. Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда.
Еркіндігім- Елтаңбам!

Қайырмасы:

Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

ӘНІ САЗГЕР ДАБЫЛ ОМАРОВТІКІ

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы «Еркетай» сәбилер-балабақшасы КМҚК ересек «Көгершін» тобының тәрбиешісі Бектурсунова Сагадат Ергалыевна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер28
  1. Алтынай

    Сәлеметсіз бе аннин плюстерин қалай аламыз?

  2. Алина

    Балаларға жаттатуға арналған көптеген әндер бар екен. Көп рахмет

  3. Айнур

    Өте керемет, мағыналы әндер. Сабақтардың тақырыбына қажетті

  4. Мөлдір Жұмажанова

    Көптеген іздеген әндер!
    Рахмет көп көп

  5. Сауле

    Әндер өте жақсы екен. Балаларға үйретуге жақсы. Сіздерден өзіме керек әндерді алдым.

  6. Гүлзар

    Маған ұнады жақсы !!! Тағыда осы секілді өлеңдеріңіз болса қосыңыздаршы минсофкасымен болса тіпті жақсы .

  7. Гүлзар

    Өлеңдер өте тамаша !!! Тағыда болса қосыңыздаршы минсофкасымен болса тіпті жақсы .

  8. Аманкелді Жайлыханұлы

    керекті әндер екен.жеңіл әрі жаттауға да ыңғайлы.

  9. Күлия

    Сіздердге өтініш. Көктем, ана туралы әндер болса тамаша болар еді.

  10. Айболек

    Рахмет сіздерге, балаларға пайдасы өте зор, керекті дүниелер, ризамын

  11. Асыл Самұратқызы

    Тәуелсіздікке ән жібересіз бе мектепке даярлық тобына

  12. Нурсулу

    Саламатсызба? Маған балаларға арналған жеңіс күніне, тәуелсіздік күніне, алтын күзде, ұлттық аспаптарға т.б. тақырыптарға арналған əндер минусовкасымен керек еді? Жібересіздерме өтініш?

  13. Гулзат

    маған күн сәулелі Қазақстан анинин минусовкасы керек еді болса жибересиздерме отиниш

  14. Ақгүл

    Сəлеметсіздер ме? Жұмыстарыңыз жемісті болсын. Балабақшадағы ересек топтарға арналған жеңіс күні тақырыбында əндер болса минусымен жібере аласыздар ма?

  15. Булбул

    өзіме жақсы әндер алдым.Еркетай сайты сіздерге алғысым шексіз сіздер арқылы көптеген педагогтар жұмысын жеңілдетіп отыр.Іздеген көп іс әрекетімді осы жерден таба алам.Әсіресе балаларға арналған әндер,сергіту жаттығуы,айта берсек көөөп.Сіздерге жетістік,табыстар тілеймін.Патриоттық әндер өте керемет.

  16. Инжу

    Сəламатсіз ба! Атамды да жақсы корем, ажемді де… (Жанболат пен Жазираның) минус, тексті мен сіздерде болса салыңыздаршы өтініш????

  17. Фариза

    Осы әндерді кім жибере алады маған???

  18. Гулбану

    Салеметсіздер ! erketai.kz балабақшаға арналған əндерді минусымен тауып бере аласыздарма өтініш Күз, балабақша,көктем ,дос туралы əндер болса жақсы болар еді. Алдын ала рахит. Алла разы болсын ағайын! !!!

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз,Гулбану бізде бар барлық минусовкаларды сайттың минусовкалар бетіне жариялағанбыз.

  19. Айгерим

    музыкасын кайдан алуға болады???

  20. Ақжайық

    Қайырлы күн.Менің жіберген мақалаларым неліктен шығарылмайды?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, қай күні жібердіңіз?

  21. Гулсим

    Дабыл кармакшылык болса группаласым болды

  22. Гулсим

    Дабыл кармакшылык болса менин группаласым болганы

  23. Жания

    Өте жақсы сайт. 5+++++

  24. Самғат

    Сәлеметсіздерме? Менің атым Самғат. Жасым 9 дамын. Менің салған суреттерім бар. Сол суреттерімді сіздерге қалай жібере аламын?

    1. Erketai (автор)

      Салем, Самғат суреттеріңізді hat@erketai.kz немесе erketaikz@mail.ru почтасына жіберуіңізге болады.

  25. ГҮЛБАҒЫМ

    ТАМАША ӘНДЕР! ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ ӘНІ АРАЛДЫҚ САЗГЕР ДАБЫЛ ОМАРОВТІКІ

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ