Тұрсынбек Заринаның шығармашылығы

Тұрсынбек Зарина 2002 жылдың 5 қазанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі  елді мекенінде дүниеге келген. 2007 жылы  күзде №180 «Қызылмақташы»  орта мектебінің  даярлық тобына келді.  Сабақты үздікке оқиды. Қабілетті, 3-сыныптан бастап шығармашылықпен  айналысады. Аудан мектептері арасында өткізілген «Көркем жазайық» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Кенгуру-2010» республикалық ойын –олимпиадасында ІІІ орын  алған. Республикалық  «Айгөлек» журналында наурызға  байланысты салған суреті жарияланған. Осындай   табыстарға жетуіне  тер төгіп , білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарын өзіне үлгі тұтады.Зарина сонымен қатар, анасының қолғанаты, үш інісінің қамқоршысы. «Тәуелсіз елімнің мақтан тұтар ұланы болсам,»- дейді.

Өтірік өлең, тақпақтар, шығармалар, оқушы шығармасы, өлеңдер жиынтығы, балалар тақпақтары

                          Менің қиялымдағы әлем.

      Менің атамның Жерден басқа Айда сатып алған жері бар.Жазда каникулға шыққанда атам мені сонда демалуға жібереді.Онда көл, орман,таулар бар.Біз көлден балық аулаймыз.Қармақпен емес, жіптен жасалған  құрықпен. Балықтарының ірісі  бұзаудай.Олардың қанаты бар.Көлдің бетіне ұшып шыққанда  біз  құрықты  лақтырамыз да, оларды ұстап аламыз. Айда таудан  вулкан атқылап жатады, біз оған қазанымызды қойып балығымызды асып жейміз.Қайнап жатқан бұлақтан су алып шәй ішеміз.Айдағы аппақ топырақтан қамыр илеп нан жабамыз.Өте тәтті болады.Орманнан саңырауқұлақ тереміз.Олар жердегі асқабаққа ұқсайды, қауындары  талда өседі.Айда өте қызық.Онда жеп-жеңіл болып ұшып жүресің.Көбелектермен жарысып ойнаймын.Өзіммен бірге мысығымды ала барғанмын.Ол жақтың тышқандары мысықпен бірдей.Мысығым тышқандармен дос болып кетті.Мені айға қалай барады деп ойлап отырсың ба? Айға мені Талғат Мұсабаевтан кейін 5-ші қазақ болып ұшқан ағам корабльмен апарды.Айға 1-ақ сағатта  жетіп бардық.Мен онда жерден апарған талдарымды ектім.Олар ай санап емес, күн санап өсті.Соның бірінің өте  ұзын болғаны соншалық жерге дейін жетті.Мен оны баспалдақ етіп жерге түстім.Екі күн, екі түн жүріп әрең жеттім.Менің айдағы демалысым өте қызықты өтті.Ал жердегілер менің ай мен жер арасына саты орнатқаным үшін марапаттады.Келер жаз демалысымда тағы айға бармақпын.Онда барып тасқа қашап бәйтеректің суретін салмақ ойым бар.Достарым мен сендерді айға саяхатқа шақырмақпын.Жол ақысы тегін.Еңбектеніп, менің еккен ағаштарыммен шығамыз.Барлығыңа сәттілік тілеймін!

Сау болыңдар!

  

Туған жер

Туған жерім — Қырашым,

Осында көп жыл тұрамын.

Жыраққа кетсем алыстап,

Өзін сағынып тұрамын.

Табиғаты керемет,

Күн шуағын төгер ед

Көктем келсе аққу-қаз,

Тоғанды шуға бөлер ед

Адам түгіл аң—құс та

Ауылды сағынып келер ед

Ауыл  біздің көркейіп

Күннен күнге келеді

Зәулім сарай мектепті

Ағалар салып береді.

Сапалы білім біз алсақ

Күтіп тұр жарқын болашақ!

Тәуелсіз  елім – тірегім

Елбасымыз бастаған,

Тәуелсіз елім мықты ғой.

Бүкіл  елді өзіне

Тамсандырып  шықты  ғой,

Білімді  мыңды  жығад  деп

Еңбекпенен  нан  тап деп .

Айтқан  ақыл әрқашан ,

Құлағымда  тұрад  тек .

Тәуелсіз  елім –тірегім

Балаға  жақсы  болсын  деп

Көп  қой  сенің берерің ,

Менің саған  берерім

Әзірге   қолдан  келері

Үздік оқып  келемін .

 

Ұстазым

Ұстазым  менің   ақылшым,

Ондай   ұстаз    табылмас.

Бар  білгенін  балаға,

Үйретуден  жалықпас.

Екінші анам-  ұстазым,

Әлпештейді  аялап.

«Жақсы бол»- деп  әрқашан,

Болар  маған  саябақ.

Сүйемін, туған  Жерімді !

Сүйемін туған жерімді

Сүйемін туған елімді

Сүйемін суын , белесін

Көк майсалы көгімді

Көктем келсе күлімдеп

Қызғалдақтар құлпырады

Сол гүлдердің арасында

Жүреміз доп қуалап.

Биыл жауды қар қалың

Апам оны «ңұр» дейді

Өрісі дейді көп малдың

Жерде болар көк шалғын.

Күн жылынса құстар да

Келер көлді сағынып

Аққу қонар тоғанға

Байланбасын ол оққа.

Туған жерім -киелім

Әрбір таңын сүйемін

Тыныштықты бұзатын

Кейбір жанға күйемін

Бәрі де бар жерімде

Қозы-лағым, бұзауым

Тебіседі көгімде

     Мен сүйетін елімде.

АНА

Ана  деген  мейірімді ,

Алақаны жып- жылы .

Түн  ұйқысын төрт бөліп ,

Бізді  бағып өсірді .

Әже

Мен  ұйықтарда айтады  ,

Ертегісін , әндерін .

Аяулы әжем  ол менің ,

Сағынамын күнде  мен .

                          

Өтірік өлеңдер

                     

***

Инелікті ұстап ап,

Қалықтадым  аспанда.

Инелігім өліп қап,

Қалып қойдым Жұлдызда.

***

Келе жатыр құмырсқа,

Арқасында жұмыртқа.

Тауық оны көргенде,

Тығылып қалды бұрышқа.

***

Қыранмен  ұштым  ғарышқа,

Бұл  сөз  сізге  таныс па?

Жарты  ғасыр  дегенде

  Әрең   жеттім   Марсқа.

Пікірлер4
  1. Ботагөз

    Шығармаларын өте керемет жазылған, өнерін үстем болсын. Биік белестерден көріне бер. Осындай шығармалар көп болсын.

  2. Ляззат

    керемет, өнеріңіз өрге жүзсін! оқып отырғанда соның барлығын елестетіп отырдым. шабытыңыз таусылмасын.

  3. саламасыз ба,мақала жіберсек те неге материалдар көшірілмейді

    1. Erketai (автор)

      Салем! Мақалаңыз тексеруден өткен соң ғана сайтта жарияланады. Егер мақалаңыз сайтта жарияланса бір мақала жіберсеңіз сайттағы қалаған бір мақалаңызды алуыңызға болады. Ол үшін алғыңыз келетін мақаланың тақырыбын erketaikz@mail.ru почтасына жазып жіберуіңіз керек.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ