Өнерлі өрендер №7

Әдепті бала

Әдептілік дегеніміз-кез-келген ортада өзін мәдениетті ұстау.
Қазақта:»Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала»-деген мақал бекер айтылмаса керек.
Мысалы : бір партада бірге отыратын досыңның дәптерін сызбау,қаламсабын тығып қоймау,үлкендердің жолын кеспеу,үлкенмен таласа сөйлемеу,орынсыз күлмеу,біреуді мазақтамау-бұлардың барлығы да жат қылық екенін үнемі анам маған айтып санама құйып отырады.Сондықтан балалар әдепті болайық.
Жазған: 1-Сынып оқушысы Жұбаниязова Таңшолпан Ақниязқызы 
Жетекшісі : Төлеш Гүлсім Сәлиқызы

Тасбақа мен шегіртке(ертегі)

Ерте,ерте,ертеде бір тасбақа мен шегіртке дос болыпты. Бір күні екі дос кең даланы аралауға алыс жолға шығыпты.Екеуі де жүріп келеді, жүріп келеді, бақа тарбаңдап келеді,шегіртке секіріп келеді. бақаның жүрісіне шыдамы таусылған шегіртке :

Ертегі және қызықты әңімелер-Достым-ау тезірек жүрсеңші,шөлдеп кеттім.Анау жерде су көрінеді,су ішіп шөлімізді басайық.
-Жарайды шегіртке досым. Екеуі әне-міне дегенше су жағасына да келеді.Су тап-таза,тұп-тұнық епкен. Бақа су ішейін деп суға үңіле бергенде өзінің ұсқынсыз түрін көріп шошып кетеді. «Бұрын қалай жүрдім екен? Енді үстіме не жамыламын,шекірткеден ұят болды-ау»-деп ойлаған бақа жағада жатқан үлкен тасты үстіне жамылып алады.
-Не болды достым үстіңе тас жамылып.
-Білмеймін,достым.
-Досты-ау ,жүр кеттік
-Әрі қарай жүре алар емеспін,үстімдегі тастан.
-Олай болса мен кеттім-деп шегіртке бақамен қоштасып кете барады. Екі достың жолы осылай екі айырылады.
Міне, осылайша шегірткенің мекені жоқ ,ыршып жүріп ән салғаны осылай басталған екен.Ал бақа тас жамылып тасбақа атаныпты.Үйіне жете алмаған тасбақа суға түсіп,құмға тығылып сол жерді мекені етеді.
Жазған Қазбекова Қызғалдақ Әкімжанқызы
Жетекшісі: Төлеш Гүлсім Сәлиқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ