Өнерлі өрендер №14 (оқушылардың шығармалары)

Сандар әулеті
Бұрын да бір отбасы,
Орман да өмір сүріпті
Өмірге бес сәбиі келіпті
Екі мен бір дос болды
Сөйтіп жүріп үш келді,
Үш тұрғанымен күш еді.
Бір жылдан кейін төрт келді
Төрт дегенім төре еді.
Бес болады басшысы
Татутәтті отбасы
Боратбай Ақерке 6сынып оқушысы

***

Табиғат

Аралаймыз мына әлемді жайнаған,
Ну орманы, тіршілігі қайнаған.
Бұлбұл құсы саясында салған ін,
Бұл ғажайып тіршілікке таңданам
Тиржанова Нургул Сериковна

Ж.Молдағалиев атындағы орта мектептің оқушылары

Менің Отаным.
Менің Отаны м Қазақстан. Отанымның астанасы Астана қаласы. Ол жас қала. Қазақстанда өте әдемі қалалар бар. Біз көп ұлтты мемлекетпіз. Біз басқа мемлекеттермен доспыз
Менің елімнің табиғаты көркем. Онда қалың ормандар мен терең көлдер, өзендер бар.
Мен өзім туып өскен ауылым Тоқтамысты мақтан етемін. Ауылымыздың іргесінде Қоңыр әулие деген қасиетті үңгір бар.Мен туып өскен ауылымды мақтан етемін.

Сағынтаев Бекарыс(2сынып)

***
Аяулы менің анашым
Ана әлемдегі ең асыл әрі ардақты жан. Оның шуақты жүзі мейірімге, нұрға толы. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қлымен әлемді тербетеді. Яғни сәбиі үшін ештеңеден аянып қалмайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай перзентінің амандығын тілеп өтеді. Сол себепті әр адам өз анасын құрметтеуге, қадірлеуге тиіс. Бұл дүниеде ананың аялы алақанынан артық не бар, сірә! Сондықтан да мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Мен үшін одан асқан асыл адам жоқ. Менің анам әлемдегі ең сұлу, ақылды, меейірімді, ақ жарқын жан. Ол мен үшін ең қымбат әрі ең ерекше тұлға. Оның әрбір сөзіалтынмен тең. Әлемдегі әр бала өз анасын құрметтеуге міндетті. Біз аналарымыздың көңіліне кірбің түсірмеуге, айтқан тілін алуға, мақтанышы болуға тиіспіз.
Анам менің анашым,
Сен әрқашан панасың.
Нұрлы жүзің жарқырап,
Қуанып шаттанасың.
Мен анамды әрқашан құрметтеп, сыйлаймын.Анамды әрдайым аялап, қадірлеп өтемін.

Жеңісбекова Аиана(2сынып)

***
Менің Отаным Қазақстан
Менің Отаным Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері ұланбайтақ, кең. Қазба байлығы мол. Табиғаты көркем, өте әдемі. Қазақ елінің халқы кең пейілді, қонақжай ел. Осындай елде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін.Мен өскенде елімнің болашағы үшін, тынбай еңбек ететін боламын.
Аманбекова Көркем(3сынып)

***
Менің Отаным
Мен өз отаны Қазақстанды жанымнан артық жақсы көремін. Отанды сүю отбасынан басталады.Әрбір адамның басты парызы ол өз Отанын қорғау.Мен Отан үшін жанын қиған тааапаларымызды үлгі тұтамын. Болашақта менің кішкентай ғана аулым үлкен қалаға айналса деп ойлаймын.

Орынбекқызы Сезім(3сынып)

мектеп оқушыларының өнерлері.

Жарма кенті №17 мектеп оқушылары

Анама
Ақ сүтінен жаралғанмын,
Ақ сүтінен нәр алғанмын.
Тынысымен дем алғанмын
Анашым ең жақын адамым
Бізді жақсы көреді,
Құлыным деп жүреді
Алыстап кетсек жыраққа
Бізді ойлай береді.

Шыңғысқа
Қиын сәтте көмектесетін
Маған қолдау беретін
Бар ғой менің жан досым
Шыңғыс деген құрдасым
Жайсамбай Әлішер

***

Менің ОтанымҚазақстан
Ынтымақты елі бар,
Әдемі , көркем жері бар.
Менің ОтанымҚазақстан.
Сұлу да ибалы қызы бар,
Жау шапса қорғайтын ұлы бар.
Менің ОтанымҚазақстан.

Менің отбасым
Менің отбасымда төрт адам,
Бәрі өте қымбат маған.
Әкемасқар тауым,
Анамменің күнім.
Сіңілімкішкентай гүлім.
Команова Жанерке

***

Ақ лақ.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Жазғы демалысқа шыққанда мен ауылға демалуға барамын. Атам мен әжем мені құшақ жая қарсы алады.Жаздай суға шомылынып, күнге қыздылынып қайтам. Атам мал шаруашылығымен айналысады. Менің ақ лағым бар. Маған бауыр басып қалған.Мен ақ лақты сағынып жүрмін. Шіркін, менің лағым жазда мені таңыр мекен.
Серікбекқызы Фариза

***
Күшік.
Күшігім менің Мойнақ ,
Сүйкімді өзі аппақ.
Сүйек әкеп берейін,
Қасыма келші ойнақтап.
Күшік.
Әкем маған күшік әкеліп берді. Өзі сондай сүйкімді.
Сүт ішкенді жақсы көреді. Мен оған « Мойнақ» деп ат қойдым.Күзде Мойнақ үлкен болып өсті.Маған көмекші.Мал қарасып қорада жатады. Итадамға қамқоршы.
Тоқтамысова Тоғжан (3 сынып)

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Алмагул

    Жас бүлдіршіндер талаптарың өрлей берсін!

  2. Алмагул

    Жас бүлдіршіндер нағыз талант пен өнер иесі екен!

  3. Рита

    Балалардың шығармашылығын қалыптастыратын маңызды деректер екен рахмет

  4. Замзагүл

    Балалардың шығармашылығын шындайтын осындай сайттар көбейе берсін

  5. Салиха

    Жас бүлдіршіндердің талаптары мен таланттарына нұр жаусын. Олардың жұмыстарын жариялап отырған сіздерге рақмет. Өз жұмыстарының жарияланғанын көрген оларда талпыныс та жоғары болады.
    Еңбектерің жана берсін, жас бүлдіршіндер!

  6. Нұра

    Баланын жан жакты даму ушин тын дунелер усынып отырсыздар! Баланын енбегин мактаныш пен жариялап, олардын шабытына шабыт косып отырсыздар! Тек алга!

  7. Бисенбаева Мирамкүл

    балдардың шығармашылығын арттыратын осындай сайттарымыз Қазақстанда көп болсын. Отанына, отбасына арнап шығарған балалардың ақындықтары, өз ойынан жазған мақалалары менің оқушыларыма да жігер сыйлады. оқушылар алдағы уақытта осы сайтқа өз мақалаларын, өз өлеңдерін саламыз деп отыр. сіздерге мың алғыс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ