Өнерлі өрендер №10 (балалар шығармалары)

Балалар шығармалары

Балалар шығармалары

Байлығым менің

Ұқсамайтын басқаға,
Өзі сондай жас қала.
Жас болса да көрікті,
Сұлу шаһар – Астана!

Бәйтерегім мәуелі,
Алтын күнім сәулелі.
Әнұраным — айбарым
Жүрегімде әуені!

Ана тілім бақытым,
Сырлы,тұнық жақұтым.
Туған елім тірегім,
Көңілімде жатық үн!

Барлық адам досымдай,
Айта аламын тосылмай:
Бақытты мен бөбекпін,
Байлығым бар осындай!

***

Ізетті қыз

Таңертең ерте тұрамын,
Ұқыпты болу – ұраным.
Үйді де жинап тап-таза,
Кірімді өзім жуамын!

Жүрсе анам тамақ пісіріп,
Көмекке келем түсініп.
Үлкенді сыйлау қашанда,
Кішілік емес – кісілік!

Әжеме оқып газетті,
Бөпемді бағып жаз өтті.
Мақтайды мені әкешім:
Қызым деп менің ізетті!

***

Балабақша гимні

1.Бастаушысы ісімнің,
Балабақша – мекенім.
Сенде жүріп түсіндім,
Балалықтың не екенін.
Қайырмасы:
Шуақ шашқан арайлап,
Жұлдыздайын жанамыз.
Нұрын төккен маңайға,
Күн дидарлы баламыз!
2.Жүректе әркез сенім мың,
Елім деп тұрар асқақ ат.
Ертеңі қазақ елімнің,
Болашақ бізден басталад!
Қайырмасы:
3.Денсаулықты қорғайтын,
Жаман жолға бармайтын.
Біз – бақытты бүлдіршін,
Биіктерге самғайтын!
Қайырмасы:

Өнерлі өрендер №9 (балалар шығармашылығынан)

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ