Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

бала тәрбиесі, бала, ата аналарға кеңестер, пайдалы кеңестер, ата аналарға кеңес

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер32
  1. Мұбарак кулайша

    Өте дұрыс балалармен бақыттымыз олардың жақсы болуы жақсы өмір сүруі ата аналарға байланысты екен рахмет

  2. Акерке

    Шынымен де, пайдалы кеңестер, рахмет! Енді іс жүзінде пайдалану керек

  3. Алмагүл

    Тамаша жазылған, рахмет сізге Erketai

  4. Гулнура

    Өте керемет жазылыпты.Қазіргі таңда өте керекті мағлұмат

  5. Айнұр

    Өте қажетті ақпарат.

  6. Динара

    Кез келген аналарға қажетті ақпаратар

  7. Асем

    керек ақпараттар ескеріп жүруіміз қажет!, ана мен баланың ара қатынасы дұрыс болуы үшін, привязанность қалыптастыру қажет

    1. Кундызай

      Көп ақпарат алдым.

  8. Зауре

    Кеңестеріңіз үшін рахмет!Бала тәрбиелеуде көп көмегі тиеді деген ойдамын

  9. Перизат

    Бала тәрбиесі отбасынан басталады? Сондықтан ең бірінші адамға білім емес тәрбие берілуі керек деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, білімнен бұрын тәрбие дұрыс берілуі тиіс. Бұл жердегі кеңестер бала тәрбиесі туралы мол ақпарат береді. Өзім жиналыста кеңеске алып қолданамын

  10. Рахымғалиева Толқын

    Ата-аналар күнделікті өмірде осы кеңестерді пайдаланса екен

  11. ғазиза

    жаксы жазылған екен улкен рахмет

  12. Рабигуль

    Ата аналарға өте керек кеңес екен.

  13. Айнур

    Ата анаарға арналған керек, пайдалы кеңестер екен.

  14. Айдана

    Өте орынды жазылған. Ата-аналарға ұсынуға болады екен.

  15. Гюзель

    Мен үш баланың анасымын. Өте жақсы кеңестр алдым өзім үшін, қатты ұнаған кенестер 3,4 өзіммен байланыстырам

  16. Зейнегуль Касымбекова

    Жас ата — аналарға таптырмас кеңестер. Кеңестер үшін алғысымыз шексіз рахмет.

  17. Гульфия

    салеметсіздерме? Қашықтықтан оқытудағы қиындықтарды еңсеруге тақырыбында жиналыс өткізум керек . Көмек беріңіздерші

  18. Айгерим

    Ата аналар жиналысын жасағанда осы кеңестерді оқып беруге болады екен. Өте түсінікті. рахмет.

  19. Гаухар

    рахмет мәлімет үшін

  20. Kamshat Madreimova

    Үй жұмысын дайындауға, сондай-ақ жана технологияларды пайдалана отырып сабаққа деген ынтасын оятуға уйретемин. Педагогикалық колледжде 4 курс окимын. Балалармен жұмыс жасағанмын. 1-4 сынып аралығындағы балалар болса, Алматы қаласы

  21. Гульдана

    калай кошируге болады

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелген соң.

  22. Айнаш

    Өте керек дүние!

  23. Rita

    оте жаксы

  24. Гульшарат

    рахмет

  25. Гульшарат

    жаксы жазылган, рахмет

  26. Ләззат

    өте тамаша, көп нәрсе алуға болады

  27. Алтынай

    бари оте жаксы жазылган. Рахмет

  28. Анар

    өзіме көп нәрсе алдым, рақмет!

  29. Жанат

    Ата-аналар осы кеңестерді пайдаланып тәрбиелесе өте жақсы нәтиже болады.

  30. Жанат

    Жақсы жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ