Шашты қалай өсіруге болады

Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес

1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.

2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.

3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.

4. Шашыңызды тарағанда барынша мұқият болыңыз ешқандай асығыстық танытпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз.

5. Шашыңызды жуатын сусабынды(шампунь) дұрыс таңдаңыз шашыңызға нәр беретін маскаларды қолданыңыз.

6. Шашты жақсы қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолдансаңызда болады. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа өте көп пайдасы бар. Сіздің шашыңызға жұмыртқаның қай бөлігі дұрыс келетініне сай стаканның 1/2 бөлігіне құйып таза жәнеде суланған шашқа жағып шығу керек. Содан соң 20 минут ұстап болған соң сусабынды(шампунь) пайдаланып бөлме температурасындағы сумен шашыңызды жуыңыз. Бұл тәсілді айына бір рет пайдаланыңыз. Егер сіз жұмыртқаның ақ уызын пайдаланатын болсаңыз, екі апта сайын қолдансаңыз болады.

шаш үлгілері фото, шаш күтімі

 

7. Шашты аптасына екі рет жууға болады бірақ одан көп болмауы тиіс. Бас терісіне ыстық су тимеуін қадағалаңыз су барынша жылы яғни бөлме температурасымен бірдей болса жеткілікті.

8. Шашты жуып болған соң ешқандай фен қолданбаңыз шаштың қалыпты жағдайда кепкені дұрыс.Шаш қыстырғыштарынан да бас тартқаныңыз жөн. Болмаған жағдайда бигудиді қолдансаңыз болады бірақ жатар алдында алып тастаңыз.

9. Шашты жуып болған соң қайда шықсаңызда бас киіммен шығыңыз бұл сізді бас терісіне түсетін зиянды микробтардан сақтайды.

10. Дұрыс тамақтануда шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсерін тигізеді.

11. Шашыңыздың табиғи әдемілігін қалпына келтіру үшін, күнделікті тағамыңыздың құрамында мына тағамдар тобынан тұрғаны жақсы. Олар: дәнді дақылдар, бұршақты дақылдар, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, балық және тауық еті, табиғи шырынды сусындар.

12. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күнде жеткілікті мөлшерде таза суды ішіп тұрыңыз.

Шашты қалай қалыңдатуға болады

Пияз және сарымсақты пайдаланып шашты біршама қалыңдатуға да болады. Бұл екі өнім шаштың түсуінен қорғап қана қоймай шашыңыздың ұзын әрі қалың болып өсуіне өте жақсы көмектеседі. Езілген сарымсақты немесе пиязды шашыңыздың түбіне жағыңыз. Басыңызды күлеңкімен жауып, сүлгімен орап алыңыз. Жарты сағаттан соң су сабынды көптеп пайдаланып бірнеше қайталап жағылған өнімнің иісі кеткенше жылы сумен жуыңыз.

Күнделікті шаш күтімі дегеніміз тыңғылықты және ұқыпты болуды талап етеді. Егерде жоғарыда жазылған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз сізге шаш күтімі соншалықты ауыр жұмыс болып көрінбейтін болады. Ал сіздер өз тәжірибелеріңізге негізделген шаштың күтіміне және тез өсуіне арналған қандай кеңестер бере аласыздар? Пікір жазу формасы арқылы бөлісулеріңізді сұраймын және де сіздерге шабыт беру үшін әр түрлі шаш үлгілерінен құралған фото суреттер топтамасын көруді ұсынамын. Рахмет!

shash-ulgisi-fotolar

Shash-ulgisi

shash-ulgileri-kizdarga

shash-ulgileri--foto

shash-pricheski

shash-foto

pricheskalar-foto

kizdarga-shash-ulgileri

foto-shash-ulgisi

Егер менің мақалам ұнаса достарыңызбен бөлісіп пікір қалдыруларыңызды сұраймын.

Арнайы Еркетай сайты үшін дайындаған Сейтова Арайлым

Пікірлер34
  1. Мадина

    мақаланыз керемет. шашым ұштана береді. рахмет көмегінізге

  2. Казна

    Мақала авторына рақмет. керемет ақпараттар алдым

  3. Жанар

    Өте пайдалы кеңестер екен, В1, В6 витаминдері жетіспесе де шаш көп түседі екен, сондықтан соны толықтыру керек.

  4. Мақпал

    пайдалы кеңестер алдым. босанып алғаннан соң шашым жиі түсіп жатыр

  5. Марям

    Керемет,маған ұнады. Мақалаңыз күштіі

  6. Мөлдір Жұмажанова

    Керемет қызықты болды! Негізі шашты кезінде әжелеріміз, жұмыртқа мен айран жағып өсірген

  7. Бибігүл

    Өте керемет және қажетті кеңестеріңізге рахмет, қайта қайта оқып шықтым бәрін

  8. Гүлнұр

    Менің шашым өте жәй өседі. Қандай бальзам қолдануға болад екен

    1. Усенбаева Нурила

      Мен қайдан білейін де шашыңызды күныне екы үш рет тармағын аптасына шашыңызды жылы сумен 2 рет жуыныз

  9. Мөлдір

    шашты өсіре алмай жүрмін. кескеннен кейін өседі қайтадан тоқтап калады

  10. Жанерке Ертайқызы

    Негізі факт бойынша шаш айына тек 2см ғана өседі екен

  11. Айдын Қанатқызы

    Өзіме қажеттінің бәрі бар сайт екен. Рахмет. Сұлулық өте маңызды

  12. Жолбарысхан Гүлмайран

    кеңестеріңізге алғыс білдіремін. пайдалы ақпарат.

  13. Салиха

    Мақаладан өзіме қажетті көп мәліметтер алдым. Оңай әрі көпшілікке түсінікті жазылған Осындай сайттың барын білмеген екенмін. Рақмет сіздерге

  14. Самал

    Мына айтылған кеңестерді өзіме жазып алдым. Әйтпесе менің де шашым өте баяу өседі. Осы жазғандарды жасап көрмесем?

  15. Orynkul

    Салеметсызба
    Менын шашым тез туседы жане кургак и жука
    Мен не ыстесем болады
    Осы кенестер комек бере ала ма
    Комек береты болса жасап коремын
    Кенестерынызге коп коп рахмет

  16. Ақерке

    менің шашым проблемный шаш, осы сайтта жазылған мақаланы оқып, орындадым. нәтижесі күшті

  17. Маржан Queen

    Пияздан жасалған маска шашты қанша күнде өсіреді

  18. Меруерт

    қандай жақсы пайдалы кеңестер

  19. Жандос

    Селемтсизббе менин шашын бурында калын еді енді шашым каты сирек болып калды Жане тусе бастады шашым комектесинизши калай кап калын кылып осиру

  20. Гулизат

    салеметсіздерме. менің шашым қатты,бирак жиі түседі. сіздердің арқаңызда шаштың күтімін біліп алдым, сіздере рахмет.

  21. Дина

    Салеметсиздер!!
    Менин шашым кайратты ари калын шаш.,бирак осы жылы анам шашымды кестирди, шашым узын болатын. Содан шашымды осире алмай журмин Шашым 1 айда 1-2 см ге дейин оседи. Сосын сиздерден макала кордим. Макаланызга рахмет…..

  22. Арайлым

    Сəлеметсіз бе Арайлым ханым ?Менің шашым қалың жəне қайратты,көп түседі,жəй өседі ,шашым қысқа .Өте жəй өсетіндіктен шашымды өсіре алмай жүрмін,қандай кеңес бере аласыз?

  23. Айдана

    Сәлеметсіздерме!Калдарыныз қалай? Менде аз ғана кеңес бар!Шашыңыз әдемі жылтырап өссін десеңіз дәріханаларда қызыл ащы бұрыш тұнбасын пайдалансаңыз болады!Массаж түрінде жағып уқалайсыз

  24. Шұғыла

    Керемет кеңестер?Тағы қосарым бар еді.Бұл кеңестер шашы өте жұқа жəне шашы жиі түсетін қыздарға арналады.Егер сіз шашыңыздың жұқалығынан қиналсаңыз онда,табиғи су қосылмаған айранның сары суын жеке алып шашыңызды жуасыз.Қанша көп жусаңыз сонша жақсы.Нәтижесі өте керемет.Осыны 2-3ай үзбей жасасаңыз өз шашыңызды өзіңіз танымай қаласыз.Өйткені бұл табиғи маска ?

  25. Асем

    Жаксы пикирлер. Маган унады. Бир сурагым неге шашка тамак ішудин кажети бар.

  26. Айгерим

    Тричуп шампунь калындатады шашты

  27. фатима

    қандай сусабын шашты калындатады

  28. аружан

    тағыда шашты өсіруге арналған кеңестер барма?

  29. Арайлым

    Аяулым, өйткені шашты жуған соң бастың терісі жұмсарып тұрады сондықтан темір тарақ шаштың түбіне зиян келтіру мүмкін.

  30. Аяулым

    оте кушти малиметтер бирак сизге коятын сурагым Арайлым неге темир таракпен тарауга болмайды?

  31. Маржан

    Қажетті кеңестер рахмет. Сайт әкімшілігіне сұрағым осындай тақырыпта жазылған кеңестер жайлы мақала жіберсем сайтқа жариялайсыздарма және жарияланганын қалай білуге болады?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, ия жіберуіңізге болады. Мақала тексеріліп болған соң сайттың сәйкес келетін бетіне жарияланады. Егер сайт жаңалығына жазылсаңыз соңғы жарияланған мақалалар почтаңызға барып тұрады.

  32. Жанар

    Арайлым мақалаңыз қатты ұнады. Кеңеске келетін болсам шаштың тез өсуіне «репейное маслоның» да көмегі болады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ